- Біз Лесхозда тұрамыз. Екі үлкен баламыз №3 мектепке барады. Кішісі биыл бірінші сыныпқа барады. Мекенжайы бойынша ол №28 мектепке баруы керек, алайда бұл қазақ мектебі, балам қазақша сөйлей алмайды. Мен баламды №3 немесе №33 мектепке орналастырғым келген, алайда мектеп директоры мекенжайымыз бойынша оқу керек деп, алудан бас тартып отыр. Туындап отырған осы жағдайды шешіп беруге көмектесуіңізді сұраймыз, мектепке бара алмай қаламыз ба деген қауіп бар.
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жауап береді:
- №3 мектеп әкімшілігінің басқа ықшамаудандардан балаларды қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мектеп 1 500 балаға арналған, алайда мұнда 2 000 оқушы оқиды. Биылғы оқу жылында тек бірінші сыныптардың саны 10-ға жетті, әрқайсысында 30 оқушыдан бар. Сыныптар толық, мұғалімдер, кабинеттер жетіспейді... №33 мектепке құжат тапсырыңыз, балаңызды қабылдайды.