Атырау, 26 желтоқсан 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Дәрі-дәрмекпен және сүтпен көмектеседі

2 272 просмотра

– Дүниеге егіздер келсе, қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Жұлдыз

Сұраққа №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Марьям ӨТЕУОВА жауап берді:

- Көрсеткіштер бойынша бұл жағдай тегін қызмет тізіміне кіреді (Денсаулық сақтау министрлігінің №786 бұйрығы). Мұнда сәбилерге ана сүті жетіспеген жағдайда олар бір жасқа толғанша «Нестажен» сүт қоспасы тиесілі. Мұндай көмекті оларға есепте тұрған педиатр немесе жалпы тәжірибе дәрігері белгілейді. Егер ол мұны қажет деп тапса, рецептінің электронды нұсқасын ресімдейді. Ол бойынша балалар қоспасы бізде емханада («Медицина» АҚ дәріханалық желісінде) дәріханалық дүңгіршектерде беріледі.

Сонымен қатар, балалар тегін дәрі-дәрмектер ала алады, бірақ егіз болғандықтан емес, жалпы тәртіп бойынша солай.

Тегін дәрі-дәрмек препараттары 5 жылға дейін, жекелеген жағдайларда, диагнозға сәйкес сәби 18 жасқа жеткенге дейін қолданыстағы тізімге сәйкес босатылады.

24 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.