Атырау, 26 желтоқсан 11:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қырағы болыңыз

2 307 просмотра

– Күндіз-түні үйіміздің жанындағы кәріз құдығына вакуумдерден лас сулар құйылады. Жер жерден жаман иіс шығады. Вакуум жүргізушілері «АтырауСуАрнасы» КМК-нен лас суларды төгуге рұқсат алғанын растап отыр. Вакуумдерге арналған лас суларды құю нүктесі Атырау қаласының қай жерінде екенін түсіндіріп берсеңіз.

Нұрсая ықшамауданындағы №70 үй тұрғындары

Сұраққа «АтырауСуАрнасы» КМК менеджері Александр ПАСТУХОВ жауап берді:

– 2013 жылғы 13 қарашадағы Атырау облыстық мамандандырылған өңіраралық экономикалық сотының шешімі негізінде вакуум қожайындарына Атырау қаласының және қала маңындағы поселкелердің кәріз құдықтарына сарқынды сулар құюға тыйым салынған. Кәріздік сорғы станцияларының құдықтарына тек қалалық әкімдіктерге жататын вакуумдерге ғана құюға рұқсат етіледі. ЖШС-ге, ЖК-ге және ДК-ге тиесілі вакуумдер лас суларды күн сайын «Атырау Су Арнасы» КМК мамандары сарқынды сулардың құйылуына бақылау жасайтын Атырау қаласы аумағының сыртында, Сарыөзек маңында орналасқан қаладағы кәріздік тазарту құрылғыларының аумағындағы арнайы жарақталған құю орындарына құюға тиіс. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша күн сайын «АтырауСуАрнасы» КМК мамандары жол полициясы өкілдерімен бірге қаланың кәріздік торабына вакуумдардан лас сулардың құйылмауын болдырмас үшін рейдтер өткізіп тұрады. Рейдтер нәтижесінде анықталған мәліметтер облыстық экология департаментіне қатаң әкімшілік шаралар алу үшін жіберіледі. «АтырауСуАрнасы» КМК (көліктің мемлекеттік нөмірі көрінетін болғаны жақсы) уақыты мен құйылған жер көрсетілген фотосуреттерді info@suarnasy.kz электронды мекен-жайына жолдаса, қала тұрғындарына риза болар еді.

1 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.