– №17 мектеп-лицейдің 2 «Е» сыныбының сынып жетекшісі жоқ. Өткен жылы бір оқытушы болды, жыл басында басқасы келді. Содан кейін бұл мұғалім кетіп қалды, ал балалардың сабағын әлі күнге дейін әртүрлі мұғалімдер өткізеді. Олар өз кестесі бойынша азды-көпті бос. Оқушылардың ата-аналары әлі күнге дейін бірінші тоқсан үшін өз балаларының бағаларын біле алмай келеді.
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек АБДОЛОВ жауап берді:
– №17 мектеп-лицейдің бастауыш сыныптарында 600-ден астам оқушы оқиды, оның 200-ден астамы екінші сынып оқушылары. Оқу орнында бастауыш сыныптардың 22 оқытушысы жұмыс істейді, олардың кейбірі кадрлардың тапшылығы салдарынан бірден екі сыныпқа сабақ береді. Кадрлардың тапшылығы салдарынан 2 «Е» сыныпта қиындықтар туындады. Оқу жылының басында тағайындалған мұғалім өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетті. 17 қарашадан бастап №17 мектеп-лицейде 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасайтын мұғалім 2 «Е» сынып жетекшісі болып тағайындалды. Бұл педагог балаларды бастауыш мектеп бітіргенге дейін «жетелейтін» болады. Ата-аналар бұл туралы ата-аналар жиналысында хабардар болды. Қазіргі кезде бұл сыныптағы сабақтар толықтай өткізілуде.