Атырау, 24 желтоқсан 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жер телімін сатып алсаңыз, кезегіңіз жойылмайды

2007 жылы жер телімін алуға кезекке тұрдым. 2011 жылы жер сатып алып, үй салдым. Осыған орай маған мемлекеттен тегін жер телімін беруден бас тартпай ма? Егер бас тартатын болса, мен өз кезегімді ұлыма ресімдей аламын ба? 18 мамыр 2017, 00:00 2 914 просмотра
Сұрақ-жауап

Фармацевт қателессе, жауап береді

– Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады? 13 сәуір 2017, 00:00 3 089 просмотра
Сұрақ-жауап

Балалар және таблеткалар

– 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі? 13 сәуір 2017, 00:00 3 111 просмотра
Сұрақ-жауап

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 218 просмотра
Сұрақ-жауап

Депутат үнсіздігі

Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше,  заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады. 2 наурыз 2017, 00:00 2 990 просмотра
Сұрақ-жауап

Пациенттердің көші-қоны

Емханалар тұрғындарды бекіту акциясының басталғаны туралы жариялаған кезде мерзімдерін ескертеді. Соңғы рет, 2016 жылы, мәселен, бізде емханада 15 қазан мен 15 қараша аралығында мерзімдері көрсетілген хабарландыру ілініп тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, мен емхананы жылына неше рет ауыстыра аламын және мұны қандай мерзімде жасай аламын? Айталық, қазір мен бір емханаға тіркелгенмін, ал наурызда басқасына кеткім келсе ше? Әлде тұрғындарды тіркеу жүргізілетін белгілі бір мерзім бар ма? 2 наурыз 2017, 00:00 2 848 просмотра
Сұрақ-жауап

Денсаулық сақтауға арналған жүйе

Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды? 2 наурыз 2017, 00:00 3 618 просмотра
Сұрақ-жауап

Сыйақы тиесілі ме?

«Өрт сөндіруші» АҚ басшысының бұйрығы бойынша біздің мекеме штаты 2016 жылдың 31 желтоқсанында қысқартылды. 25 күн үшін тиесілі өтемақыны алдық. Алайда, кейін штатта қалған қызметкерлер 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы алды. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге бұл сыйақы тиесілі ме? Өйткені, біз 2016 жыл бойына толық жұмыс жасадық қой.  16 ақпан 2017, 00:00 2 922 просмотра
Сұрақ-жауап

Желідегі мазасыздық

Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар?  16 ақпан 2017, 00:00 2 602 просмотра
Сұрақ-жауап

Ауруханаға жату оңай емес

- Бізде ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен проблема? Жағдайы ауыр адамдарға амбулаториядан көмек алуды ұсынады. Алайда, мұндай жағдайдағы адамның емханаға бара алмайтындығы, ол жерде алдымен дәрігерге, содан соң таң атпай ұзын-сонар кезекке тұрып, анализ тапсыра алмайтындығы түсінікті. Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары пациенттерге: қазір сізге дәрі егіп,  қан қысымын төмендетеміз, бірақ, ол кезде аурухана сізді қабылдамайды немесе өміріңізге қауіп төндіріп, ауруханаға апарамыз, деп таңдау жасататын жағдайға дейін барады. Сөйте тұра ауруханалардың бос тұрғанын, оларды қайтадан оңтайландырып, кереуеттерді қысқартып, көппрофильді мекемеге айналдыру керектігін айтады. 9 ақпан 2017, 00:00 3 425 просмотра
Сұрақ-жауап

Көзілдірігіңіз қайда?

– Мен мерзімі өтетін жүргізуші куәлігімді жаңарту үшін медициналық анықтама ресімдедім. Барлық мамандардан медициналық қорытынды алып, мөр соқтыру үшін ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) кабинетіне әкелдім. Бұл ресімдеудің соңғы бөлімі. Алайда бұл кабинеттегі маман фотосуретке менің көзілдіріксіз түскеніме сілтеп, мөр басудан бас тартты. Ал офтальмологтың қорытындысында «көзілдірік-пен жүргізуге жарамды» деген мәлімет бар. Яғни, ол жаңартылған куәлікке қажетті медициналық анықтама үшін қайта суретке түсуге міндетті екенімді айтады. Мен көзілдірік кимеймін, линза қолданамын. Емхана қызметкерінің мұндай талап қоюға құқығы бар ма? 9 ақпан 2017, 00:00 2 900 просмотра
Сұрақ-жауап

ЕурАзЭО-мен тең

Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.azh.kz сайтынан 2 ақпан 2017, 00:00 2 212 просмотра
Сұрақ-жауап

Сот орындаушысына қолайлы

– Неліктен сот орындаушылары ештеңе жасамай-ақ, өз қызметін төлеуге мәжбүрлейді? Мен мойнымда айыппұл бар-жоғын тексеруді ұйғарып, ЖПҚ-ға барып, бір айыппұлым бар екенін білдім. Төлегім келген, бірақ, мені сот орындаушысына жіберді. Ол айыппұлға қоса, оның «қызметі» үшін тағы 5 мың теңге төлеуге тиіс екенімді мәлімдеді. Ол мені іздеген жоқ, ешқандай жұмыс істемеді. Мен өзім келдім, сонда не үшін төлеуге тиіспін? 12 қаңтар 2017, 00:00 4 168 просмотра
Сұрақ-жауап

Препаратпен толық қамтылған

Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады... 15 желтоқсан 2016, 00:00 2 248 просмотра
Сұрақ-жауап

Асфальт бір жылдан кейін салынады

2010 жылы көршілес Темірханов пен Типографическая көшелері асфальтталды. Ал біздің көше мен Вагонный өткеліне ол кезде, шамасы, ақша жетпеген секілді. Тұрғындар осы уақыт бойына хат жазып, қалалық әкімдік кабинеттерінің табалдырығын тоздырып келеді. Биыл бізге жобалау-сметалық құжаттаманың әзір екенін, жобаның таяу уақытта «НКОК Н.В.» компаниясының қаржысына жүзеге асырылатынын айтқан еді. Асфальттау жұмыстары қашан басталады? 15 желтоқсан 2016, 00:00 1 920 просмотра
Сұрақ-жауап

«Жер ала алмай жүрмін»

Мен өткен жылы кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында Махамбет ауданынан 1 га жер телімін алуға өтініш бергенмін. Бірақ, маған жер Жайық өзеніне жақын және табиғатты қорғау заңдарының талаптарына сай емес деп берілмеген болатын. Бұдан соң мен Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылдық округінің әкімдігіне ауылдан 4 гектар жер бөлу туралы өтініш бердім, бірақ, одан да беруден бас тартты. 3 қараша 2016, 00:00 3 998 просмотра
Сұрақ-жауап

Техникалық тексеруден өтуі тиіс

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады. 27 қазан 2016, 00:00 2 278 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақша болса, үй күреледі

Менің сұрағым Алтай көшесі, 7-үйге (көшеде барлығы сегіз пәтерлік бес үй бар) қатысты. Бұл тозығы жеткен үй 1952 жылы салынған, жөндеу көрмеген. Өткен жылы бұрынғы қала әкімі Н.Ожаев біздің үйдің тұрғындарымен кездесіп, үйлеріміздің жақын арада күрелетінін, ал бізді көшіретінін айтты. Бізді көшіре ме, жоқ па? Бұл мәселе қашан шешіледі? 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 094 просмотра
Сұрақ-жауап

Жаңа маршруттар қажет

Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз. 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 602 просмотра