Атырау, 30 сәуір 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Әуелі смета, сосын асфальт

2 172 просмотра

Біз Өркен-2 ықшамауданының 5-ші көшесінде тұрамыз. Жол құрылысы бойынша жұмыстар қандайма бір себептермен тоқтап қалды. Біздің көшеде асфальт қашан пайда болады?

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап берді:

– «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 60-бабы 1-тармағына сәйкес, объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ, коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Өркен-2 ықшамауданындағы №5 көшеде жолды асфальттау бойынша жұмыс жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтау тізіміне енгізілген.

8 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.