Атырау, 25 желтоқсан 13:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Препаратпен толық қамтылған

2 248 просмотра

Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады. Анам қант диабетіне шалдыққан пациенттер мектебіне кездесуге барып, ол жерде басқа емхана пациенттерімен сөйлесіп тұрады. Олардың айтуынша, олардың емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек алуға қатысты проблемалар жоқ екен. Бұдан басқа, ол ауруханадан ем алған еді, дәрігерлер оған «Хумулин» қабылдауға кеңес берген. Өйткені, инсулиннің осы түрі ғана қандағы қант құрамын төмендетуге қабілетті екен. Инсулиннің басқа түрлерінің мұндай әсері жоқ. Бірақ, емханада «Хумулин» берілмейді. Неге байланысты? Оны дәріханалардан сатып алу мүмкін емес, ол көп сұранысқа ие емес препарат. Сондықтан дәріхана қожайындары оны әкелмейді. Мен аз ғана «Хумулинді» зорға таптым. Оның да қоры таусылып жатыр. Енді препараттың жоқтығы ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін деп қауіптенемін.

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина КАМЕЛОВА жауап берді:

– Сәуле Құбаева, шынымен де, мекен-жайы бойынша есепте тұр және қант түсіретін «Сиофор» 850 мг, «Гликлада» 60 мг және «Апидра Соло Стар», «Лантус Соло Стар» инсулин препараттарын қабылдайды. 5-14 қыркүйекте ол облыстық аурухананың эндокринологиялық бөлімшесінде ем алды. Тәулігіне «Хумулин» М3 – 1 картридж (300 бірлік), «Хумагол» 12 бірлік инсулинімен ем алу тағайындалды. Эндокринологиялық бөлімнен шыққан кезде қолына «Хумулин» М3 – 1 картридж (300 бірлік), «Хумагол» - 1 картридж (300 бірлік) және бір мәрте пайдаланатын 7 инсулин шприці берілді. Жыл бойына №1 емхананың эндокринолог дәрігеріне қаралды. Сонымен қатар, қант түсіретін препараттар мен инсулиндерді: «Хумалог Микс» инсулинінің («Хумулин» М3 инсулинімен күші тең) 5 картриджін, «Хумалог» – 5 картриджін, «Лантус Соло Стар» инсулиніне арналған «Алл Стар» шприц-қаламын, ал 21 қазанда «Хумапен» шприц-қаламын алды. Қазіргі уақытта ол «Хумулин» препаратымен толықтай қамтылған.

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.