– 2010 жылы көршілес Темірханов пен Типографическая көшелері асфальтталды. Ал біздің көше мен Вагонный өткеліне ол кезде, шамасы, ақша жетпеген секілді. Тұрғындар осы уақыт бойына хат жазып, қалалық әкімдік кабинеттерінің табалдырығын тоздырып келеді. Биыл бізге жобалау-сметалық құжаттаманың әзір екенін, жобаның таяу уақытта «НКОК Н.В.» компаниясының қаржысына жүзеге асырылатынын айтқан еді. Асфальттау жұмыстары қашан басталады?
Гүлжан Есқалиева
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:
– Вагонная көшесіндегі жол салу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзір, жобаны 2017 жылы «НКОК Н.В.» компаниясының демеушілік қаржысына жүзеге асыру жоспарланып отыр.