Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше, заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады. Неліктен қалалық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы арқылы түсетін қарапайым азаматтардың шағымдарына құрметпен қарамайды? Жалпы, азаматтардың ауызша және жазбаша шағымдарын қарау тәртібі қандай? «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылатын депутаттар өздеріне жергілікті партия филиалы арқылы түсетін шағымдарға қандай мерзімде жазбаша жауап беруге міндетті? Азаматтардың шағымдарына дер кезінде жауап бермегені үшін немесе елеусіз қалдырғаны үшін қандай да болмасын жаза қарастырылған ба? Депутаттардың азаматтар сауалына уақытында жауап беруін кім қадағалайды (арнайы комиссия немесе әлдебір қадағалаушы орган ба)? Азаматтар депутаттардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты қайда шағымдана алады?
Сонымен қатар, өз сауалыма жауап алғым келеді. Нақтырақ айтқанда, «Қазақтелекомға» қатысты мәселені анықтау үшін халық қалаулыларының қандай шара алғанын (әрине, егер шаралар алынған болса) білгім келеді?
Телефон арқылы
Сұраққа «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:
– Ауызша және жазбаша шағымдарды қарау тәртібі 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңымен реттеледі. 8-бапқа сәйкес, шағым 15 және 30 күндік мерзім ішінде қаралады. Ал қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізілетін жағдайларда қарау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін. Осылайша, қарау уақыты 2 айдан аспайды. Елдің қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін кез-келген тұлғаға қатысты тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сіздің бастапқы шағымдарыңызды депутаттар қарағандықтан, тәртіптік сипаттағы шара алуға қатысты сіздің шағымыңыз тексеру жүргізу үшін Атырау қалалық мәслихатына жолданды. Шағымның қаралуы және шараның алыну нәтижесі туралы мәслихаттан білуге болады. Лауазымды тұлғалар шағымдардың қаралу мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапкершілікте болады. Партия құрылымында бұл жұмыстарды қоғамдық қабылдау бөлмесі атқарады. Ал заңдардың нақты және біркелкі қолданылуын прокуратура қадағалайды.
ҚР азаматтары өз құқықтарын қорғау үшін қоғамдық қабылдау бөлмесіне, заңнаманың бұзылуына жол берген тұлғадан жоғары сатыдағы басшылыққа, сонымен қатар, прокуратура мен сотқа жүгіне алады.
Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМӘЛИЕВТІҢ жауабына сүйенсек, төлемдер қабылдау «Қазақтелекомның» негізгі қызмет түрі болып табылмайды. Осы себепті төлем терминалдары «Orion PRO» ЖШС-не жалға берілген. Комиссия мөлшерін олардың өздері белгілейді. Оның үстіне, «Orion PRO» ЖШС қаңтардан бастап 1 пайызға дейін комиссияны төмендетті. Ал «Қазақтелекомның» ресми сайтында төлемдерді комиссиясыз қабылдау каналы бар.