Атырау, 25 желтоқсан 12:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жылу берушілердің ізгі көмегі

2 926 просмотра

Ыстық сумен қамту жүйесінен лас су келіп тұр. Жылу жүйелері кәсіпорнының диспетчері жүйеде қысымның түсіп кеткенін айтады. Ақау қашан жойылады?

Жарбосынов көшесі, №71 үй тұрғындары

Сұраққа «Атырау жылу жүйе-лері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ жауап берді:

– 29 қаңтарда жылу жүйелері кәсіпорнының диспетчеріне Жарбосынов көшесі, 71-үй тұрғындарынан лас суға қатысты шағым түсті. Аталмыш мекен-жай бойынша себептерін анықтап, ақауды жою үшін мамандар жіберілді. «Газовик» ПИК-і қызмет көрсететін үйдің жылу жүйелерін тексергеннен кейін үйге кіретін ыстық сумен қамту жүйесінің апатты жағдайда екені анықталды. Жерасты жүйелерінің каналын толықтай ыстық су басқан. Үйдегі үшінші подъездің тұрғындарына айналу желісінің ақауынан үйішілік ыстық сумен қамту жүйелерінде су іркілістері пайда болып, қоспалар қосылған ыстық су жүрген. Ахуалды жөндеу үшін «Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметкерлері өздеріне тиесілі емес жүйедегі апатты жоюға шұғыл кірісті. Ол үшін АҚ-ға және «Арнаулы автобаза» ЖШС-не тиесілі вакуум-машиналар, сонымен қатар, жылу жүйелері кәсіпорнының жөндеуші персоналдары тартылды. 

30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында АҚ күшімен ыстық су сапасын қалпына келтіру үшін келесі жұмыстар жүргізілді: үйге кіретін жылу жүйелері каналынан су тартып шығарылып, сол жүйелерден екі апатты ақау жойылды; үйге кіретін жүйелер шайылып, ілмекті арматура ақауы жойылды. 

Тұрғын үйге кіретін жүйелерді баланста ұстаушы болмаса да, АҚ ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, аталмыш жұмыстарды орындады. «Газовик» ПИК-і іс жүзінде осы мәселені шешуде шет қалды. Су сапасы қалпына келтірілді, келісімшарттық және санитарлық талаптарға сай келеді. Екінші подъездегі ыстық сумен қамту жүйесінің құбырдағы апатты ақау салдарынан ажыратылып тасталғанын айта кету керек. Ақаулы желіні ауыстырумен «Газовик» ПИК-і айналысуы тиіс.

16 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.