Атырау, 25 желтоқсан 12:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Ауруханаға жату оңай емес

3 425 просмотра

- Бізде ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен проблема? Жағдайы ауыр адамдарға амбулаториядан көмек алуды ұсынады. Алайда, мұндай жағдайдағы адамның емханаға бара алмайтындығы, ол жерде алдымен дәрігерге, содан соң таң атпай ұзын-сонар кезекке тұрып, анализ тапсыра алмайтындығы түсінікті. Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары пациенттерге: қазір сізге дәрі егіп,  қан қысымын төмендетеміз, бірақ, ол кезде аурухана сізді қабылдамайды немесе өміріңізге қауіп төндіріп, ауруханаға апарамыз, деп таңдау жасататын жағдайға дейін барады. Сөйте тұра ауруханалардың бос тұрғанын, оларды қайтадан оңтайландырып, кереуеттерді қысқартып, көппрофильді мекемеге айналдыру керектігін айтады. 

Телефон арқылы

Баршасы үшін осы маңызды сауалды біз облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВҚА жолдадық: 
– Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты -  азаматтардың медициналық ұйымды өз еркімен таңдау құқығын, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жоспарлы түрде емдеуге жатқызудың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.  Емдеуге жатқызу бюросының порталында (https://bg.eisz.kz) – пациент алдағы үш күнде республиканың кез-келген стационарындағы бос кереует туралы ақпарат ала алады. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызу (емдеуге жатқызу талоны немесе «квота») кодымен жолдама алған болса, онда ол өңірлік және республикалық емханалар бойынша ағымдық күту парағын қарап, өз кезектілігіне бақылау жасай алады. Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл шұғыл дәрігерлік көмекті талап етпейтін созылмалы сырқаттар және өмірге қауіпті емес көрсетілім (анықталған жағдайда) жағдайында дәрігердің стационарда емдеуі үшін пациентке берген жолдамасы. 
Жоспарлы емдеуге жатқызуда медицина ұйымын таңдаудағы пациенттің қалауын есепке ала отырып, бірнеше күн ішінде емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.  
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін пациент дәрігерге есепке тұрған жері бойынша қаралуы керек. Емхананың емдеуші дәрігері пациентті қарайды, сырқатты анықтау үшін толық көлемдегі қажетті тексерулерді тағайындайды. Содан кейін пациент емхана жағдайында қажетті минималды тексеруден өтеді. Емдеуші дәрігер стационардың бөлім меңгерушісімен бірге науқасты емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Медицина ұйымын таңдау пациентпен бірге талқылануы тиіс. Дәрігер емдеуге жатқызу коды мен датасы көрсетілетін жолдаманы (денсаулық сақтау ұйымын таңдауда міндетті түрде пациенттің тілегі ескеріледі) ресімдейді. Содан кейін пациент-тің мәліметтерін емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді.   
Дәрігер пациенттің мәліметін емдеуге жатқызу бюросының порталына енгізеді және қолға жоспарлы емдеуге жатқызу талонын береді. Талонда пациент www.bg.eisz.kz сайтынан жоспарлы емдеуге жатқызуға өз кезегін бақылай алатын және стационарда бос кереуеттің бар-жоғы туралы ақпаратты қарай алатын код болады. 
Мәліметтер өте құпия сақта-лады. Стационар өз кезегінде өтініш тіркелген сәттен бастап 2 күн ішінде жоспарлы емдеуге жатқызу датасын алдын ала анықтайды. Стационар емдеуге жатқызу датасын анықтағаннан кейін дәрігер пациентке жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді. Емдеуге жатқызуды күту кезеңінде пациент емдеуші дәрігердің бақылауында болады. Ол міндетті түрде үзіліссіз бақылауда болуы керек. Жолдамада көрсетілген мерзімде пациент ауруханаға жату үшін келуі тиіс. Егер пациенттің мұны дер кезінде жасауға мүмкіндігі болмаса (басқа жедел сырқаты пайда болса, басқа жаққа кетсе, билеті болмаса және т.б.), ол учаскелік дәрігерге уақытында хабарлауы қажет. Пациент келмеген жағдайда өтініш күшін жояды. Стационарға жоспарлы жатқызу кезінде пациентте өзімен бірге келесі құжаттары болуы керек: жеке бас куәлігі, бүкіл анализдері мен диагностикалық тексеру нәтижелері, емдеуге жатқызу талоны, медицина ұйымының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрі соғылған ауруханаға жатқызу жолдамасы. Бүкіл құжаттар пакеті болмаған жағдайда науқасты ауруханаға жатқызу мүмкін болмайды және стационардың ауруханаға жатқызудан бас тартуға құқығы бар. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындағы қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.

9 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.