Атырау, 3 қаңтар 14:35
 ашықВ Атырау -9
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Ердоған партиясы сайлауда жеткілікті дауыс ала алмауы мүмкін Әлемде

Ердоған партиясы сайлауда жеткілікті дауыс ала алмауы мүмкін

Алдын ала мәліметтер бойынша, Түркиядағы парламент сайлауында президент Режеп Тайып Ердоғанның биліктегі партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие бола алмай қалуы мүмкін. Қазірге дейін сайлауда берілген дауыстың 97 пайызға жуығы саналып біткен. Алдын ала мәліметтер Түркиядағы парламент сайлауында "Әділет және даму" партиясы (ӘДП) 41 пайызға жуық дауыспен қарсыластарынан алда тұрғанын көрсетеді. Болжам бойынша, партия парламенттегі 258 депутаттық орынға ие болуы ықтимал. Партия парламентте көпшілік орынға ие болу үшін кемінде 270 мандат алуы тиіс. 8 маусым 2015, 12:30 1 762 рет қаралды
Қарауындағылардан заңсыз ақша жинағаны үшін колония бастығы бес жылға сотталды Қазақстанда

Қарауындағылардан заңсыз ақша жинағаны үшін колония бастығы бес жылға сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінің бұрынғы бастығы Д.Ғабдушев ҚР ҚК 308-бабы 4-бөлігі «в» тармағы, 24-бабы 3-бөлігі - 177-бабы 3-бөлігі «г» тармағына сәйкес (1997 жылғы редакциядағы) және ҚР 58-бабы 3-бөлігі негізінде айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 5 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. 8 маусым 2015, 11:51 1 992 рет қаралды
The Spirit of Tengri этнофестивалі қазақтың халық әні "Ахау керім" әнімен аяқталды Қазақстанда

The Spirit of Tengri этнофестивалі қазақтың халық әні "Ахау керім" әнімен аяқталды

Орталық азиядағы ең ірі халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі The Spirit of Tengri қазақтың халық әні "Ахау керім" әнімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 маусым 2015, 11:50 2 048 рет қаралды
Мұнай институты университет болады, ал студенттер қалашығы кампусқа айналады Қоғам

Мұнай институты университет болады, ал студенттер қалашығы кампусқа айналады

Қазіргі кезде АМжГИ-ді Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне өзгерту мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы баспасөз конференциясында оқу орнының ректоры Әли ӘБІШЕВ хабарлады. 8 маусым 2015, 11:06 8 177 рет қаралды
Головкиннің командасы Котто - Альварес жекпе-жегіне рұқсат бермеуі мүмкін Қазақстанда

Головкиннің командасы Котто - Альварес жекпе-жегіне рұқсат бермеуі мүмкін

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Котто қазақстандық боксшымен келісімге келмей, мексикалық Сауль Альвареспен кездесе алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 8 маусым 2015, 09:57 2 646 рет қаралды
​Азамат Тәжіаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов: «Біздің адвокаттар аппеляциялық шағым береді» Оқиға

​Азамат Тәжіаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов: «Біздің адвокаттар аппеляциялық шағым береді»

АҚШ соты қазақстандық студент, Атырау өңірінің тумасы Азамат ТӘЖІАЯҚОВТЫ 3 жыл 6 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. «АЖ» телефон арқылы қазір Бостонда тұрып жатқан Азаматтың әкесі, атыраулық кәсіпкер Әмір ЫСМАҒҰЛОВПЕН байланысқа шықты. 7 маусым 2015, 15:06 3 451 рет қаралды
Қостанай облысындағы үй жануарлары қырылуының киіктермен байланысы жоқ Қазақстанда

Қостанай облысындағы үй жануарлары қырылуының киіктермен байланысы жоқ

"Біздің алдын ала деректеріміз бойынша, қырылудың себебі жұқпалы емес дертте. Киіктердің қырылуы мен бұл малдың қырылуы арасында байланыс жоқ", - деп түйді ол. 5 маусым 2015, 17:17 3 551 рет қаралды
Украинада «Ислам мемлекетімен» байланысты деген шетелдік күдіктілер арасында қазақстандық та бар Қазақстанда

Украинада «Ислам мемлекетімен» байланысты деген шетелдік күдіктілер арасында қазақстандық та бар

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Украинада Сирияға бет алған «Ислам мемлекетімен» байланысты деген шетелдік күдіктілер ұсталды. Ұсталғандар арасында – Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлады Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ). 5 маусым 2015, 16:57 2 076 рет қаралды
«Күрес алаңы» - қала маршруттары Басқа жаңалықтар

«Күрес алаңы» - қала маршруттары

4 маусым күні қалалық ТКШ бөлімінде Атырау Орталық диспетчерлік қызметінің таныстырылымы болып өтті. Әзірге жүйе қоғамдық көліктерді қамтып отыр, ал кейін оған «АтырауСуАрнасы», «Арнайыавтобаза» және өзге де қалалық қызметтердің арнайы көліктерін де «тіркеу» жоспарлануда. 5 маусым 2015, 16:27 2 975 рет қаралды
ҰБТ-ның үшінші күнінде ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды Қазақстанда

ҰБТ-ның үшінші күнінде ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінің қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды: олар – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі Сымбат Қуанышқызы Самат және ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Лаура Әбдіәзімова, деп хабарлайды BNews.kz. 5 маусым 2015, 11:12 2 676 рет қаралды
ҚБТУ деканы қызға айналған студенті жайлы айтып берді Қазақстанда

ҚБТУ деканы қызға айналған студенті жайлы айтып берді

ҚБТУ химиялық инженерия орталығының деканы Ринат Ысқақов Оңтүстік Қазақстан облысының түлектерінің бірінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген Аян Жәрдемов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5 маусым 2015, 11:19 3 754 рет қаралды
«Subaru» компаниясы Қазақстанда сатылған 400-ден астам автомобильді кері қайтарып алып жатыр Қазақстанда

«Subaru» компаниясы Қазақстанда сатылған 400-ден астам автомобильді кері қайтарып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Subaru Kazakhstan» дистрибьюторы Takata Corp компаниясының қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған 2004-2007 жылғы «Impreza/WRX» модельді көліктерді кері қайтару науқаны басталғанын хабарлады, деп жазады «Астана Моторс» компаниясының ресми сайтында. 5 маусым 2015, 17:08 1 729 рет қаралды
Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн - Б.Дойл Қазақстанда

Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн - Б.Дойл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Бернард Дойл осылай еді. 5 маусым 2015, 11:06 1 352 рет қаралды
АҚШ Тәжікстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы Әлемде

АҚШ Тәжікстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы

АҚШ Тәжікстанда бірнеше сайттың бұғатталуына алаңдаушылық білдірді. АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі 4 маусымда жариялаған мәлімдемесінде Душанбені Азаттықтың Тәжік қызметінің орыс және ағылшын тіліндегі сайттарына, Facebook желісі мен басқа да әлеуметтік желілерге және ақпараттық ресурстарға салынған "кез-келген шектеуді" алып тастауға шақырды. 5 маусым 2015, 11:02 1 444 рет қаралды
Пәкістан: Сауд Арабиясына ядролық технология бермейміз Әлемде

Пәкістан: Сауд Арабиясына ядролық технология бермейміз

Пәкістан сыртқы істер министрі Аизаз Ахмад Чаудхри (суретте) Исламабадтың өзінің ядролық қаруы мен оған қатысты технологияны Сауд Арабиясымен бөлісетінін жоққа шығарды. 4 маусымда Вашингтонға сапарында америкалық ресми тұлғалармен кездесуден соң Чаудхри Пәкістанның Сауд Арабиясымен ядролық мәселелерді талқыламайтынын айтып, "Исламабадтың ядролық қаруы тек Пәкістанның қорғанысына қызмет ететінін" мәлімдеді. 5 маусым 2015, 10:59 1 770 рет қаралды