Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне халықаралық қатысушылардың екінші жиыны жұмысын жалғасты. Бүгін тағы он мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растап, ұжымдық шартқа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.
Боливия, Бенин, Комор Аралдары Одағы, Конго, Венгрия, Монако, Пәкістан, Тонга Корольдігі, Вануату, Вьетнам мелекеттері көрмеге қатысатындарын растады. Яғни, қатысушылар қатары 10 мелекет және IRENA жаңармалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігімен толықты.
Естеріңізге сала кетсек, ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ге жуық мемлекет пен кем дегенде 10 халықаралық ұйым және инновациялық технологиялардың көш басында тұрған 10 компания қатысады деп жоспарланған болатын. Халықаралық көрме барысында елімізге 2 миллионнан 5 миллионға дейін қонақ келеді деп күтіліп отыр.
Дереккөз: bnews.kz