Атырау, 26 қараша 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

80 жастағы Армен Джигарханян үшінші рет үйленді

1 779 просмотра

Image 02015 жылғы 3 қазанда 80 жасқа толған белгілі актер Армен Джигарханян үшінші рет үйленді, деп хабарлады 7days.ru онлайн-басылымы бейсенбі күні, 25 ақпанда.

Оның зайыбы 36 жастағы Виталина Цымбалюк-Романовская болды.

15 жылдан бері кездесіп жүрген жұп мәскеулік Гагарин АХАЖ-ында некелерін тіркеді. Салтанатқа ең жақын достары ғана шақырылды. «Біздің жақындығымызды көп адамдар білмейтін, Армен Борисовичтің аздаған достары мен оның қарындасы Марина білетін. Театрда ешкім де білген жоқ», - деді Цымбалюк-Романовская.

2015 жылғы 18 маусымнан бастап Цымбалюк-Романовская 2008 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Джигарханян театрына директор болды. Әртістің өзі президент лауазымына отырды.

11 ақпанда Армен Джигарханян басқаратын Мәскеу драма театрының баспасөз хатшысы Наталия Корнеева актердің тұмаумен сырқаттанып қалғанын хабарлады.

Армен Джигарханян - КСРО халық әртісі, актер және театр режиссер, өзі басқаратын Мәскеу драма театрының негізін қалаушы. Ол сондай-ақ «Сәлематсіз бе, мен сіздің апаңызбын!», «Кездесу орнын өзгертуге болмайды», «Ерлер», «Төртінші» «Кәсібі - тергеуші» және басқа да көптеген танымал фильмдерге түскен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 ақпан 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.