Атырау, 26 қараша 20:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Елші: Сирия Ресейдің қақтығысты тоқтатуға қатысты ұстанымын толығымен қолдайды

1 418 просмотра

Image 0Сирия Ресейдің қақтығысты реттеу мәселелеріне қатысты ұстанымын толығымен қолдайды. Бұл туралы Сирия елшісі Рияд Хадад мәлім етті, деп хабарлайды Руэкономикс.

22 ақпанда Ресей мен АҚШ осы жылдың 27 ақпанынан бастап Сирия аумағында атысты тоқтату режимін енгізу туралы бірлескен шартқа қол қойды. Режим шарттары «Ислам мемлекеті» және «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік топтарының өкілдерінен, сондай-ақ қызметі БҰҰ тарапынан террористік деп танылған өзге де бірлестіктерден басқа, текетірес қатысушыларының барлығына таралады.

Ресей астанасына жасаған жұмыс сапары барысында елші Рияд Хадад Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу және атысты тоқтату режимін енгізу мәселесінде Дамаск пен Мәскеудің ұстанымы бір арнаға тоғысатынын айтты. Сирия халқы уағдаластықтардың орындалатынына сенеді әрі үміттенеді, деді ол.

Режимнің сақталуын Ресей мен АҚШ бірлесіп қадағаламақ. Қос ел қауырт желі ашып, ақпарат алмасу үшін жүмыс тобын құруды жоспарлап отыр.

Дереккөз: bnews.kz

25 ақпан 2016, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.