Атырау, 28 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тоқаев: санкциялар бүкіл әлемдік экономиканы әлсіретеді

1 683 просмотра

Image 0Тоқаевтың ойынша, ХХI ғасыр саясатында бүкіл әлемдік экономиканы әлсірететін санкцияларға орын болмауы тиіс.

Қазақстан бір елдердің басқа елдерге қатысты санкция енгізу саясатын сынға алады, өйткені бұл бүкі әлемдік экономикаға зиян келтіреді деп есептейді деп мәлімдеді Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ХХI ғасыр саясатында бүкіл әлемдік экономиканы әлсірететін санкцияларға орын болмауы тиіс. Санкциялар — бұл БҰҰайрықша құзыреті және олар ерекше жағдайда қолданылуы тиіс", —деді ол бейсенбіде Венада ЕҚЫҰ ПА ортақ үш комитетінің бірлескен отырысында жасаған баяндамасында.

Тоқаевтың пайымынша, қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру тек қана бірлесіп іске асырылуы тиіс. "Алауыздыққа қарамастан, бізге бәрімізге экзистенциалдық қауіп-қатерлермен күресу үшін бірігу қажет. Еуразиялық қауіпсіздік —бұл біздің тарихи жауапкершілігіміз", — деп атап айтты Тоқаев деп келтіреді сенаттың баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

26 ақпан 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.