Әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға түбегейлі рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
AIBA президенті Ву Чинг-Куоның айтуынша, кәсіпқой боксшылар биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға да қатыса алады. Алдағы бірнеше ай ішінде кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауына кедергі болатын барлық мәселе түбегейлі шешіледі.
Айта кетейік, мұндай шешім ұйымның Манчестерде өткен отырысында қабылданды.
Дереккөз: tengrinews.kz