Атырау, 29 наурыз 16:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 890 просмотра

Image 0
К
үрес

Бангкокта грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтті.

Мұнда ұлттық құрама сапында атыраулық спортшы Дамир Күзембаев өнер көрсетті. ол 130 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды.

***

Қазақша күрес

Астанада жастар, ер балалар және қыздар арасында қазақ күресінен ел чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылар ішінен Анель Сүлейменова (63 келіге дейін) мен Саида Қапсалықова (78 келіден жоғары) «алтын» алса, Райымбек Ашықбаев (100 келіге дейін) «қолаға» қол жеткізді. Командалық есепте Атырау құрамасы Астана мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейін 3-орын алды. Спортшыларды А. Серғазиев, М. Есмағамбетов және Ж. Киянов дайындады.

***

Самбо

Байқоңырда 2002-03 ж.т. ер балалар арасында самбодан «Халықтар достығы» республикалық турнирі өтті.

Жарысқа 300-ге жуық жас спортшы қатысты. Облыс құрамында 42 келіге дейінгі салмақта Мәдениет Құлманов «алтын» алса, 29 келіге дейінгі салмақта Сырым Байғалиев «күміс» иеленді. Осы нәтижемен облыс құрамасы командалық үшінші орын алды. Балаларды Е.Төлеген, К.Табынбаев және А.Азимов жаттықтырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.