Атырау, 10 қазан 03:13
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қазақстанда McDonald's мейрамханасының қашан ашылатыны белгілі болды

1 526 просмотра

Image 0McDonald's мейрамханасы Астанада 8 наурыз күні ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мейрамхана ғимараты Қабанбай батыр, 26 даңғылында орналасқан.

McDonald's компаниясының мәліметінше, мейрамхана аумағы - 863 шаршы метр. Мейрамханада 206 орын бар. Кәсіпорында 200-ден аса жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі McDonald's-тің екінші мейрамханасы Бөгенбай батыр, 49 даңғылында орналасатынын хабарлаған еді.

Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz


25 ақпан 2016, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.