Аршавин жұмада Ресей құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюк басқаратын "Қайратқа" қосылады.
Ресей құрамасының футбол бойынша бұрынғы капитаны Андрей Аршавин Алматыға ұшып келді және жұмада "Қайратта" қызметіне кіріседі, деп хабарлайды "Спортфакт".
Басылымның мәліметінше, Аршавин жұмада Ресей құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюк басқаратын "Қайратқа" қосылады.
Ақпанда 34 жасар шабуылшы тараптардың келісімі бойынша краснодарлық "Кубаньмен" кеклісімшартты бұзғаны белігілі болды. Бұдан бұрын македониялық БАҚ Аршавинге Скопьеден "Вардар" қызығушылық танытқанын хабарлаған болатын.
"Қайрат" Қазақстан-2015 чемпионатында екінші орын иеленіп, Еуропа лигасы біліктілігіне өткен болатын.
Дереккөз:Қазақстан жаңалықтары