Атырау, 29 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Аудан жаңалықтары

2 511 просмотра

Бес жылға созылған құрылыс

Мақат ауданы Доссор поселкесінде 100 орындық шипажай типті балабақша құрылысының созылып кеткеніне биыл бес жылдан асты.

Құрылыс тапсырысшысы облыстық құрылыс басқармасы болса, құрылысқа қаржылай демеушілік көрсетіп отырған - NCOC компаниясы.

Мақат ауданының әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ құрылыстың созылуы мердігердің жиі ауысуынан болғанын айтады: - Биыл «Құрылысшы А» ЖШС тендерді ұтып алды. Біз тендер ұйымдастырып, жеңімпазды анықтағанша біраз уақыт өтті ғой. Енді жаңа мердігер нысанды осы жылдың екінші жартыжылдығында пайдаланылуға беруге жұмыста-нады деп үміттеніп отырмыз.

***

«Шапағаттың» шамы жағылады

Доссор поселкесіндегі 50 шақты үйдің тұрғындары «Шапағат» мөлтек ауданында көше жарығының жеткіліксіздігіне шағымданды.

- Қараңғылықта балалар мен қарттарға өте қиын болды. Тек үш, төрт жерде ғана шам жанып тұр, - дейді мөлтек аудан тұрғыны Гүлшат ОРАЗОВА.

Доссор поселкесінің әкімі Жарылқасын ИСМАГУЛОВ бұл мәселенің таяу арада шешілетінін айтты.

- Трансформатор ішіндегі әлдебір тетікті ауылдың тентектері целлофанмен орап тастапты. Қазіргі трансформатордың жарық беруге қуаты жетпейді. Егер көше жарығын түгел қоссақ, онда үйлердегі жарық өшіп қалады. Бір-екі айдың ішінде тендер өтіп, осы көшеге қосымша трансформатор қондырылатын болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.