Атырау, 29 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда ер адам облыстық сот ғимараты алдында өзін өртеді (+облыстық соттың мәлімдемесі)

5 662 просмотра


25 ақпан күні таңертең Атырау облыстық соты ғимараты алдында 29 жастағы жергілікті тұрғын үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеу әрекетін жасады.

Бізге белгілі болғандай, ер адам мұны сот шешіміне наразылық белгісі ретінде жасаған. Ол үй мен жер учаскесі үшін анасы және бауырымен соттасыпты, сот оның пайдасына шешім шығарғанымен, оны өтемақы сомасы қанағаттандырмапты.

Сот қызметкерлері шақырған «Жедел жәрдем» станциясы бізге ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді деп хабарлады. Облыстық аурухана «мойын және оң жақ білегі тұсында 2-3 дәрежелі күйік бар» деген диагноз қойды. Қазір ол №2 хирургия бөлімінде жатыр.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің сот ғимараты алдындағы өзін-өзі өртеу әрекеті бойынша жасаған мәлімдемесі:

«2016 жылғы 25 ақпанда сағат 10.20-да Атырау облыстық соты ғимараты алдында орын алған азамат К.А.-ның өзін-өзі өртеу фактісіне байланысты келесілерді хабарлаймыз.

Оқиға орнына келген дәрігерлер мойын мен оң жақ білек тұсында 2-3 дәрежелі күйік бар деп диагноз қойды. Осы оқиға бойынша барлық материалдар сәйкесінше тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

К.А. қатысқан сот ісі туралы

Талапкер К.А. 2014 жылы анасы Т.Е. және ағасы тұлғасындағы жауапкерлер үстінен үлесті ақша түрінде бөлу және 3,8 млн теңге өндіріп алу туралы шағымданған.

Ағайындылар арасында жер учаскесі мен тұрғын үйге ие болу және пайдалану тұрғысында дау туындаған. Атырау қалалық соты 2014 жылғы 26 желтоқсанда туыстарынан К.А.-ның пайдасына 3,8 млн теңге мен сот шығындары өндіру шешім шығарған.

Бұдан кейін осы шешім апелляциялық және кассациялық инстанцияларда қаралды. Үй мен жердің нарықтық құнына байланысты сот қаулысымен бұл сома 2 миллионнан сәл астам теңгеге төмендетілді.

К.А.-ның әрекеті шығарылған сот шешімімен келіспеуге байланысты.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
25 ақпан 2016, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.