Атырау, 10 желтоқсан 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Басқа жаңалықтар

Жетілмеген бекіре шабақтарын да аулап жатыр Басқа жаңалықтар

Жетілмеген бекіре шабақтарын да аулап жатыр

Атырау облысының аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ақпараты бойынша, соңғы үш жылда браконьерлер Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі балық қорларына 254 млн теңге зиян келтірген. Атышулы оқиғалардың бірі - 2017 жылдың күзінде «карандаш» деп аталатын, яғни, жыныстық жетіліп үлгермеген бекіре тұқымдас балықтың бір тоннадан астамын аулаған Жанбайдың төрт тұрғыны ұсталған болатын. 26 ақпан 2019, 11:17 3 007 рет қаралды
Зейнетақы қоры: тәуекелге көп бармаймыз Басқа жаңалықтар

Зейнетақы қоры: тәуекелге көп бармаймыз

Қазақстандықтардың БЖСҚ-дағы жинақ шоттары ай сайынғы жарналары мен инвестициялық кірістерінен құралады. Зейнетақы жинағындағы қаржы қозғалысы туралы «АЖ» сұрағына «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ жауап берді. 26 ақпан 2019, 09:56 3 296 рет қаралды
Аулаларды аралауға бұйрық берілді Басқа жаңалықтар

Аулаларды аралауға бұйрық берілді

Астанадағы трагедиядан кейін бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде Атырау облысында да аулаларды аралау жұмыстары басталды. Бүгінде өңірімізде мыңнан астам уақытша баспаналар бар, оның 171-інен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық анықталды. Бұл туралы ТЖД басшысының орынбасары Рашид БІЛӘЛОВ брифингте мәлімдеді. Ол уақытша баспаналардың нақты санын айта алмады, өйткені, оның айтуынша, олар еш жерде тіркелмеген. 25 ақпан 2019, 17:09 3 148 рет қаралды
Вотсаппен балағаттап, бір тәулікке қамалды Басқа жаңалықтар

Вотсаппен балағаттап, бір тәулікке қамалды

Махамбет аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер") әкімшілік істі қарады. Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың қаңтарында азамат А. WhatsApp мессенджерінде енесін әдепсіз сөздермен балағаттаған. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Бірақ әйел айтқанынан қайтпады. 25 ақпан 2019, 14:07 2 234 рет қаралды
Балық сөрелері сиреп қалды Басқа жаңалықтар

Балық сөрелері сиреп қалды

«АЖ» сайтындағы сауалнамаға жауап бергендердің төрттен үш бөлігі былтыр желтоқсанда Жайықтағы қара балық пен бекіре тұқымдастардың жаппай қырылуынан кейін балық сатып алуды тоқтатқандарын мәлімдеді. Біздің тілшіміздің қалалық ветеринария бөлімімен бірге «Дина» және «Мұрагер» базарларында жүргізген рейді бүгінде осы сауда бөлімінің едәуір дағдарысқа ұшырағанын көрсетті. Сурет 25 ақпан 2019, 11:31 3 849 рет қаралды
Қай жолдар ақылы болады? Басқа жаңалықтар

Қай жолдар ақылы болады?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе-Атырау-Астрахан көлік жолында Атырау-Астрахань және Қандыағаш-Мақат учаскелерінің 120 шақырымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Ал Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға 2019 жылы «Ақтөбе - Атырау – РФ-мен шекара» жолдарын қалпына келтіруге 16,7 млрд теңге бөлінгенін, жобаның жалпы құны 122 млрд теңге екенін хабарлады. Сонымен бірге шығындардың бір бөлігі кейінірек «жолақы төлеуді» енгізу арқылы өтелуі мүмкін. 25 ақпан 2019, 10:20 2 503 рет қаралды
№402 боранды бекет Басқа жаңалықтар

№402 боранды бекет

Мақат кентінен 7 шақырым жерде орналасқан №402 бекет өткен ғасырдың 80-жылдары «Атырау-Ақтөбе» темір жолына қызмет көрсету үшін құрылған болатын. Бұл жерде жұмыс істейтін адамдар әлі күнге дейін өз міндеттерін адал атқарып отыр, алайда қазір олардың тұрмыстық қажеттіліктері ешкімге керек болмай қалған. Бұрын ауыл инфрақұрылымын ҚТЖ-ның жергілікті мекемесі қадағалайтын. Бірақ бұдан 5 жыл бұрын бекетті Бәйгетөбе ауылдық округіне қосты, яғни, елді мекенді билік өз қамқорлығына алды. Осы кезден ауылда проблемалар басталды. Сурет Бейнежазба 25 ақпан 2019, 09:43 3 334 рет қаралды
Оқушылар сарайын кім салып бітіреді? Басқа жаңалықтар

Оқушылар сарайын кім салып бітіреді?

Рейд барысында Атырау полицейлері Нұрсаядағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 56 азаматын анықтады. Көршілес елдерден келген еңбек мигранттары Қазақстан Республикасында тек жеке тұлғаларға ғана, онда да 5 адамнан аспайтын көлемде жұмыс істеуге құқығы бар. Ал «Атырау-Ремстроймонтаж» ЖШС бұл жұмысшыларды ірі нысан салу үшін жалдаған. Бейнежазба 24 ақпан 2019, 16:41 2 716 рет қаралды
Қайта өрлеу дәуіріндегі қазақстандық қамту Басқа жаңалықтар

Қайта өрлеу дәуіріндегі қазақстандық қамту

2015 жылы Қазақстан ресми түрде ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) құрамына кіріп, оның 162-ші мүшесі болды. Ал өтпелі кезең 2021 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Ұйымға толық мүше болғаннан кейін қазақстандық бизнестің жай-күйі және мұнай-газ секторындағы жергілікті қамтуға қатысты жағдай қандай болатындығын Атырауда тәжірибелі мамандар «ДСҰ құрамына кіргеннен кейінгі ҚР мұнай-газ саласы» форумында талқылады. Сурет 24 ақпан 2019, 15:55 3 719 рет қаралды
Дәрігерлер енді кінәламайды Басқа жаңалықтар

Дәрігерлер енді кінәламайды

Бұқаралық ақпарат құралдарында вакцина алу қажеттілігі туралы жарияланымдар жарық көргеннен кейін қызылшаға қарсы вакцина алуға ниет білдірушілер саны айтарлықтай өсті, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА брифингте. 24 ақпан 2019, 16:21 2 119 рет қаралды
Тұтқадағы әйел дауысы Атырау тұрғынын ажалдан алып қалды Басқа жаңалықтар

Тұтқадағы әйел дауысы Атырау тұрғынын ажалдан алып қалды

21 ақпанда Атырауда полицейлер Әлиев-Сатыбалдиев көпірінен секірмек болған жігіттің өзіне қол жұмсауына жол бермеді. Сол күні 102 пультінде кезекші болған полиция старшинасы Аймекен АМАНОВА келіссөз жүргізу шеберлігін көрсетті. Бейнежазба 23 ақпан 2019, 16:40 3 446 рет қаралды
«86-дағы желтоқсан оқиғасы кезінде қаруымды жинап алды» Басқа жаңалықтар

«86-дағы желтоқсан оқиғасы кезінде қаруымды жинап алды»

Тура 30 жыл бұрын совет әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Бұл елде болған 9 жыл ішінде «шектеулі контингент» сапында Атырау облысынан 782 сарбаз қызмет етіп, оның 13-і ұрыс даласында қаза болса, бірі хабарсыз кеткен. Ауған соғысының әсерлері, ұйықтап қалған кезекшіні қалай жазалағаны, 86-жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы және күйзеліс туралы ауған соғысының ардагері,  облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВПЕН сұхбатымызда айтылады. Сурет 23 ақпан 2019, 00:00 7 298 рет қаралды
Томат бар, майшабақ жоқ Басқа жаңалықтар

Томат бар, майшабақ жоқ

Бір кездері дүкен сөрелерінде томатпен тұздықталған Каспий майшабағы толып тұратын, бірақ ол заман өзгерді: 2018 жылдың күзгі маусымында майшабақтар 1 тоннадан сәл астам көлемде ғана өндіріліпті. Әкелеріміз бен аталарымыз аулаған совет дәуірімен салыстырғанда осындай мардымсыз көлемнің себебі неде және Каспийдегі осы ұсақ күміс балықтардың жағдайы қалай екенін «АЖ» тілшісі анықтаған еді. Сурет 22 ақпан 2019, 17:46 5 022 рет қаралды
Тағы бір жыл Басқа жаңалықтар

Тағы бір жыл

Бүгін, 20 ақпанда, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Жайық» спорт кешенінде жұртшылық алдында 2018 жыл үшін есеп берді. Бұл шараға ҚР қоғамдық даму министрі Дархан ҚАЛЕТАЕВ, облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, бұрынғы бірінші орынбасарлар – қазіргі сенаторлар Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ пен Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ келді. Айта кету керек, соңғы екеуін кейінірек залдан сөйлегендердің бірі мысқылмен АҚШ долларына теңеген еді.  Сурет 20 ақпан 2019, 19:33 4 109 рет қаралды
АМӨЗ-де жаңа бас директор тағайындалды Басқа жаңалықтар

АМӨЗ-де жаңа бас директор тағайындалды

Шухрат ДАНБАЙ «АМӨЗ» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан АМАНТУРЛИН биыл қаңтарда зейнеткерлік жасқа жетіп, кейбір мәліметтер бойынша, АМӨЗ-дің бас директорының кеңесшісі боп тағайындалған. 20 ақпан 2019, 00:00 4 311 рет қаралды
Төлемегеннің ақысы ма? Басқа жаңалықтар

Төлемегеннің ақысы ма?

«Жертөлелер суға толған, бірінші қатардағы пәтерлер іші қыста сыз, жазда масаға толы. Кіреберістерде электр қораптары ашық, ток желілері салбырап тұр. ПИК мүлдем жұмыс істемейді...». Тұрғындардың осындай шағымдарымен «АЖ» тілшісі Мақат ауданының орталығына барып, олардың сөздеріне көз жеткізіп қайтты. Ал ПИК қызметкерлері өз кезегінде кассаның бостығын алға тартады: қай ақшамен жасаймыз? Сурет Бейнежазба 19 ақпан 2019, 15:48 4 099 рет қаралды
Қатерлі ісік: үрей мен үміт Басқа жаңалықтар

Қатерлі ісік: үрей мен үміт

Демалыс күндері Атырау облыстық онкология диспансерінде Ашық есік күні өтті. Шараға барған «АЖ» тілшісі жай мақала жазып қоймай, жергілікті мамандарға тексерілгенді жөн көрді. "Кенет ісік табылса ше?" деген қорқыныш та болды: басқа келушілердің бойында да сол үрей. «Онкологқа бірінші рет келіп тұрмын. Қорқынышты екен. Тіпті, кішкентай меңнің өзі қатерлі ісікке апаруы мүмкін дейді», - деді тіркеу бөлімінде тұрғанда бір әйел сезімін жасыра алмай... Сурет 19 ақпан 2019, 15:47 9 786 рет қаралды
Жайылымы тарылған ауыл Басқа жаңалықтар

Жайылымы тарылған ауыл

Индер ауданындағы Ынтымақ ауылы тұрғындарының дені мал шаруашылығымен айналысады. Өзен жағасындағы ауылдың жері құнарлы болғанымен бір жағында қалың тоғай, келесі жағында бұдан үш жыл бұрын жеке кәсіпкер қазып кеткен ұзын ор қоршап, мал жайылымы тарылып қалған. Бейнежазба 19 ақпан 2019, 11:02 4 394 рет қаралды
​​​Тосын сый Басқа жаңалықтар

​​​Тосын сый

Атырау билігі автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде 23 павильон сатып алынған, оның 7-уі бастапқыда «аралас» болды, яғни, қоғамдық көлікті күтетін қала тұрғындарына ғана емес, коммерциялық қажеттіліктерге арналған. 19 ақпан 2019, 11:52 2 190 рет қаралды