Атырау, 25 қараша 02:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысындағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды

2 874 просмотра


Психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернатта бұрын Атырау облыстық прокурорларының ұстаздар тарапынан қол көтеру фактілері анықталған, енді қызметтік тергеу басталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және  қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.

- Қазір прокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл жабайылық  және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек, алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек,- деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды және халықты әлеуметтік қорғауды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды.

- Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез- келген мекемені кез-келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс, ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн,- дейді Шапкенов. - Сондай-ақ, барлық мектеп-интернаттар сыныптарында ғаламторға қосылып, ата-аналардың, қоғам белсенділері мен тексеруші органға бақылауға мүмкіндік жасалады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 наурыз 2019, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.