Атырау, 10 желтоқсан 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Басқа жаңалықтар

Мұз астынан өлі балықтар шығып жатыр Басқа жаңалықтар

Мұз астынан өлі балықтар шығып жатыр

Жайықтың мұзы ери бастады. Мұз астынан қалқып шығып жатқан өлі балықтар бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналды. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазбалардың ішінен 3 наурызда Махамбет ауданының Бугорки саяжай массивінің маңында түсірілген осы бейнежазба көңілімді аударды. Көксерке, мөңке, қаракөз, айнамкөз балықтары... шіріп кеткен. Бейнежазба 4 наурыз 2019, 15:28 3 069 рет қаралды
Жасыл-желекпен айналысатын кез келді Басқа жаңалықтар

Жасыл-желекпен айналысатын кез келді

2019 жылы мұнай астанасын көгалдандыру жұмыстарына тендер жариялаудың орнына жұмыстарды мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) аясында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл деген не? Конкурс өткізіліп, оған қоғамдық мүгедектер бірлестігінен басқа (оларға әдетте заңға сәйкес басымдық беріледі) жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, заңды тұлғалар, тіпті, консорциумдар да қатыса алады. Бұл жұмыстар 2023 жылға дейін осылай жалғаса береді. 4 наурыз 2019, 10:56 2 163 рет қаралды
Судағы апатқа кінәлінің бас бостандығын шектеді Басқа жаңалықтар

Судағы апатқа кінәлінің бас бостандығын шектеді

№2 Атырау қалалық соты Жайықта екі байда соғысып, адам қаза болған оқиғаға кінәлі 33 жастағы жергілікті тұрғынға үкім шығарды. Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Ш. Р. өткен жылдың қазанында сағат 21:30-да моторлы қайықпен Еркінқала жаққа шығып, басқа қайықпен бетпе-бет соқтығысып қалады. Нәтижесінде екінші қайықтағы 19 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 4 наурыз 2019, 10:10 2 170 рет қаралды
Сиыр, тауық және зейнетақы Басқа жаңалықтар

Сиыр, тауық және зейнетақы

Көпбалалы отбасы әр бала үшін 21 мың теңге алады. Н. Назарбаевтың аз қамтылған көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу туралы тапсырмасынан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында осындай сүйіншілеген атаудағы жарияланымдар толып кетті. 4 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған әрбір отбасы айына кемінде 84 мың теңге алатын болды деп қуанып та жатты. Енді егжей-тегжейін анықтап көрейік. 3 наурыз 2019, 13:23 8 683 рет қаралды
Балықшыдағы жалған бомба Басқа жаңалықтар

Балықшыдағы жалған бомба

20 ақпанда шамамен сағат 22.50-де Атырау полициясына белгісіз біреу қоңырау шалып, Балықшыда орналасқан «Семья» супермаркетіне жарылғыш құрылғы салынғанын хабарлады. Супермаркет ғимараты қоршауға алынып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. 1 наурыз 2019, 11:56 2 751 рет қаралды
Лондондағы ағайынды Рысқалиевтарды қалай ұстауға болады? Басқа жаңалықтар

Лондондағы ағайынды Рысқалиевтарды қалай ұстауға болады?

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы департаментінің басшысы Нығметжан САПАРОВ Атырау жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесу барысында Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ және оның бауыры Аманжанның бюджеттен ұрлап, Швейцария мен Андорра банктеріне салған қомақты ақшалары туралы тақырыпқа тоқталды. 1 наурыз 2019, 11:12 6 595 рет қаралды
Бүгінгі мереке туралы не білеміз? Басқа жаңалықтар

Бүгінгі мереке туралы не білеміз?

1 наурызда Қазақстанда 2016 жылы Н. Назарбаев белгілеген Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл – біздің ортақ тарихымызды құрметтеу, Қазақстандағы барлық этностардың бір-біріне  және депортацияланған халықтардың қонақжай қазақ халқына алғыс айту күні. Бейнежазба 1 наурыз 2019, 10:34 3 354 рет қаралды
«Ұлттық қордан ақша алу - әдеттегі жағдай» Басқа жаңалықтар

«Ұлттық қордан ақша алу - әдеттегі жағдай»

Халықтың әлеуметтік қажеттіліктері үшін Ұлттық қордан 1,2 трлн теңге алынады дегеннен кейін қазақстандықтар арасында девальвациялық болжамдар күшейіп кетті. Әлеуметтік желілерде алдағы уақытта инфляция өсіп, теңге тағы да құнсызданады деген әңгімелер жүріп жатыр. 28 ақпан 2019, 16:42 2 663 рет қаралды
Ереуілді тұтанбай тұрып қалай басу керек Басқа жаңалықтар

Ереуілді тұтанбай тұрып қалай басу керек

Өткен жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 1366 шағым түсті, оның басым бөлігі – еңбекақы дауы. Осыған байланысты жұмыс берушілерден жұмысшылар пайдасына 61,2 млн теңге өндіріліп алынды. Бұл туралы брифингте басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады. Ол сондай-ақ, 2018 жылы өңірде ереуіл немесе митингтер түрінде жаппай дау-дамайлар болмағанын, ал шиеленіс туындаған жағдайлар ымыраға келу арқылы шешілгенін атап өтті. 28 ақпан 2019, 15:25 2 887 рет қаралды
Жастарға арналған соңғы үй Басқа жаңалықтар

Жастарға арналған соңғы үй

Биыл жастар жылына орай Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған жол картасы жасалып, республикалық бюджеттен  100 миллиард теңге қаралады. Бұл қаржы облыстардағы жастар санына байланысты бөлініп, жастардың білім алуына, кәсіп ашуына, денсаулығына жұмсалады. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Роллан ҚҰСПАН мәлімдеді. Ал 2013 жылдан бері жұмыс істейтін «Жас Отау» тұрғын үй бағдарламасына келсек, соңғы 100 пәтерлік үй табыс етілгеннен кейін мүлдем тоқтатылады. 27 ақпан 2019, 18:15 3 871 рет қаралды
Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандырады Басқа жаңалықтар

Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандырады

Атырауда көбейіп кеткен қаңғыбас иттердің проблемасын оларды ату арқылы шешетін, бұл қоғамдық пікірдің қарама-қайшы реакциясын тудырды. Еріктілердің ерен еңбектерінен соң, бұқаралық ақпарат құралдарында әлденеше рет жарияланғаннан кейін бұл іс орнынан қозғалды: кешікпей Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандыру бойынша пилотты жоба іске қосылады.  27 ақпан 2019, 17:32 2 924 рет қаралды
Статистика сырлары Басқа жаңалықтар

Статистика сырлары

Отандасымыз Шыңғыс ӘБЕНОВ соңғы 80 жылда - 1938 жылдан 2018 жылға дейін - Қазақстанда кең таралған қыздар есімдеріне шолу жасады. Әдеттегі статистикалық мәліметтер негізінде жасалған кесте осы уақыт ішінде қандай демографиялық өзгерістер болғанын көрсетіп отыр. Сурет Бейнежазба 27 ақпан 2019, 15:34 3 655 рет қаралды
Атырау – Орал трассасында жүк көлігі мен автобус соқтығысты: үш жолаушы көз жұмып, 20 адам жараланды Басқа жаңалықтар

Атырау – Орал трассасында жүк көлігі мен автобус соқтығысты: үш жолаушы көз жұмып, 20 адам жараланды

26 ақпанда сағат 14.24-те ТЖД пультіне Атырау-Орал трассасында ірі жол-көлік апаты туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, Оралдан Атырауға келе жатқан DAEWOO маршруттық автобусы Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде автобустың үш жолаушысы (екі әйел мен ер адам) қаза болды, 20 шақты жолаушы түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алды. Сурет Бейнежазба 26 ақпан 2019, 18:57 6 387 рет қаралды
Театрда үзіліс Басқа жаңалықтар

Театрда үзіліс

Құрылыс ағаштарының арасында қолдарына болгарка ұстаған жұмысшылар ерсілі-қарсылы жүр. Аппарат бөлмесінде таяу шет елден келген меймандар қабарғаларды сылап жатыр. Фойеде айна жақтауларын мұқият бояп жатқан әріптестер өзара күбірлесіп қояды. Жалпы, сырт көзге М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрын қайта жаңғырту жергілікті бюджеттен бөлінген 800 миллион теңге түгелімен игеріліп жатыр.  Сурет 27 ақпан 2019, 10:57 3 747 рет қаралды
Субсидиясыз су қымбат Басқа жаңалықтар

Субсидиясыз су қымбат

Индер ауданында Ақтан мен Кетебай елді мекендерінен басқа ауылдардың барлығы ауыз сумен толықтай қамтылған. Алайда әр жерде судың тарифі әр түрлі. Өткен жылы субсидияланған Жарсуат, Бөдене, Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдарында судың текшеметрі 30 теңге болса, су құбыры кеш келген Елтай, Ынтымақ, Аққала, Құрылыс ауылдарында су – 234 тенге. 27 ақпан 2019, 10:17 2 286 рет қаралды
Аудандарда кездесетін таныс оқиға Басқа жаңалықтар

Аудандарда кездесетін таныс оқиға

2017 жылдың аяғында Мақат (25) пен Доссор (22) кенттерінде 47 қоқыс алаңын салу үшін бюджеттен 33 млн 810 мың теңге бөлініп, тендер қорытындысы нәтижесінде «Эра» ЖШС мердігер болады. Дегенмен кейін аудандарда жиі кездесетін құбылыс – мердігердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы мұнда да орын алып, жергілікті билік сотқа берді. Алайда мамандардың заңды білмеуінен өздері таяқ жеді. Сурет 27 ақпан 2019, 09:58 2 672 рет қаралды
Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

26 ақпанда Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Шәкір КЕЙКИНДІ коммуналдық мәселелер жөніндегі өз орынбасары етіп тағайындады. Бұл лауазым өткен жылдың қарашасынан бастап Нұрлан ТАУБАЕВ облыс әкімінің орынбасары боп тағайындалғаннан кейін бос қалған еді.   26 ақпан 2019, 17:36 3 576 рет қаралды
Чехиялық Зора - Қазақ жерінің жолнұсқаушысы Басқа жаңалықтар

Чехиялық Зора - Қазақ жерінің жолнұсқаушысы

Бағасы жоғары, инфрақұрылымның жоқ болуына байланысты Қазақстан ішінде саяхат жасау отандастарымыз арасында көп сұранысқа ие емес. Бізді жолдардың нашарлығы мен сырттағы әжетханалар қорқытады. Ал осында тұратын шетелдіктердің, керісінше, жергілікті туризмге ықыласы жоғары. Зора Гончарова отбасымен бірге Қазақстанның жартысын шарлап тастаған. Өзі Чехия тумасы, Еуроодақтың қазақстандық өкілдігінде жұмыс істейді, күйеуі поляк, үш баласы бар: Лео - 10, Тамара - 7, Борис – 4 жаста. Астанаға келгендеріне үш жыл болған. Сурет 26 ақпан 2019, 16:47 3 410 рет қаралды
Көпбалалы отбасыларға көмек: АӘК деген не, не істелді, не істелмек? Басқа жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көмек: АӘК деген не, не істелді, не істелмек?

Астанадағы бес бүлдіршіннің қазасынан кейін көпбалалы аналар тарапынан наразылық толқындары әлі де толастаған жоқ: Қазақстанның әр өңірінде әйелдер әлеуметтік жәрдемақыларды көтеруді талап етуде. «AЖ» бүгінде мемлекет тарапынан не жасалып жатқанын және таяу болашақта не жоспарланғанын анықтап көрді. 26 ақпан 2019, 10:04 13 370 рет қаралды