«АЖ» Google maps көмегімен бейнежазбаны тексерген болатын. Бұл - Лондон, Патер-стритт. Рысқалиевтың видеоға түсірушіге жақтырмай қарағаны түсірілім оның ықтиярынан тыс болғанын білдіретіндей.
- Мені неге түсіріп жатсың, қымбаттым? Тоқтат! – дейді ол түсіріп жатқан адамға орыс тілінде.
Жақында студенттермен кездесу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Нығмеджан САПАРОВ Бергей Рысқалиевты Қазақстанға қайтару әзірге мүмкін еместігін, өйткені Ұлыбритания мен ҚР арасында қылмыскерлерді беру туралы келісім жоқ екенін айтқан еді.
Фархат ӘБІЛОВ
Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба