25 наурызда Атырауда Авангардтағы «Sulpak» Сауда үйінің жанында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 23 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. 27 жастағы зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді.
- Қазіргі уақытта медиктердің қорытындысын күтіп отырмыз, - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. – Жүргізушіге қатысты іс жүргізу шешімі - әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғала ма, осыдан кейін белгілі болады.
Фархат ӘБІЛОВ
Әлеуметтік желілерден алынған және автордың бейнежазбасы
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Егер бағдаршам немесе реттеуші жоқ болса, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелі деп аталады. ҚР ЖҚЕ 14.1-бөліміне сәйкес, көлік құралының жүргізушісі оның жүру бағыты бойынша реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті.