Балықшының Құнанбайұлы көшесіндегі 5 қабатты үй тұрғындарының бірінің айтуынша, белгісіз біреулер жыл басынан бері осы үйдің ауласында тұрған үш көлікті өртеп жіберген. Ал өткен жылы мұндай 4 оқиға болған. Бұған қатысты олардың өз жорамалдары бар екен.
- Бұл жағдай үнемі түнгі уақытта болады. Мұның кімге және не үшін керек екені түсініксіз, - дейді тұрғындар. – Жақында полиция күдіктінің бірін ұстады. Ол біздің үйдің тұрғыны, ұстаған кезде мас болды, бұрын сотталған. Мұны Жилгородоктың жастары жасап жүр деген сыбыс бар, білмейміз.
Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер үш көлікті өртеді деген күдікпен 29 жастағы Атырау тұрғыны ұсталғанын хабарлады:
- Оған қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы (Өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру ) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Пиромания – мінез-құлықтың бұзылуы, өртеуге құштарлық, сондай-ақ, отты бақылауға қатты құмарлық. Пиромания оқиғаларын психиатрия мен құқықтану ғылымдары зерттейді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор