Жаңа прокурор - 43 жастағы Ақтөбе тумасы Аршат ТАЙТУЛЛИН. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Мақат ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Бұл қызметке дейін Атырау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеген.
Ал оған дейін мұнайлы астананың прокуроры лауазымын атқарған Құрмаш СЕЙТБЕКОВ Атырау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі ұсынды