Атырау, 4 тамыз 20:15
 дождьВ Атырау +35.6
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Құлсарыда жаңа саябақ салынады Басқа жаңалықтар

Құлсарыда жаңа саябақ салынады

3 желтоқсанда «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында болған брифингте Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВ (суретте) Құлсары қаласындағы жері жеке коттедждер салушыларға бөлініп берілген ескі саябақтың орнына жаңа демалыс саябағы салынатынын хабарлады. 5 желтоқсан 2013, 00:00 3 116 рет қаралды
Жарысқан көліктер, жаралы жолаушылар Басқа жаңалықтар

Жарысқан көліктер, жаралы жолаушылар

2013 жылдың 19 мамырында Жилгородокта №30 автобус үйге соғылған уақыттан бері жарты жылдан астам уақыт өтті. Алайда «АЖ»-ға сол апатта зардап шеккен жандар хабарласуда. Оларды алған жарақаттары қинап, мұндай апат тағы да қайталануы мүмкін деген үрей мазалайды екен. Өйткені «Айс Транс Холдинг» жүргізушілері атышулы апаттан сабақ алмаған. 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 785 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Санитарлық дәрігерлердің жұмыстары көбейеді

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз конференциясын өткізді. Департамент басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ республикалық Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің құрылғаны туралы хабарлады. Оған таралатын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің өкілеттігі де берілмек. Санитарлық дәрігерлер штаты осы жаңа құрылымға кіреді. 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 710 рет қаралды
«Local» таңбасы Басқа жаңалықтар

«Local» таңбасы

Шетелдік фирмаға жұмысшылардың бос орнына Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті жұмыссыздар қатарынан 44 үміткерін жіберген еді, бірақ олардың ешқайсысы сай келмеді. Оған біздің қызметкерлеріміздің біліктілік деңгейінің төмендігі ме, әлде жұмыс берушілердің жоғары талаптары мен оқу орталықтарындағы сапасыз дайындық себеп болды ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 657 рет қаралды
Жұртта қалған алты отбасы Басқа жаңалықтар

Жұртта қалған алты отбасы

Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Еркебұлан АҚҚҰСОВТЫҢ ақпаратына сәйкес, Ұ.Абдрахманов көшесіндегі 64 пәтердің тұрғындары уақытша баспанаға көшті. Алайда, 6 отбасының бұрынғы пәтерлерінде тұрып жатқаны белгілі болды. 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 427 рет қаралды
Меценаттар балы Басқа жаңалықтар

Меценаттар балы

29 қарашада Атырауда бірінші рет меценаттар балы өтті. Енді облыс өз қаһармандарының есімдерін білетін болады: атыраулық 10 қайырымдылық жасаушыға Алматы монета сарайында арнайы басылған «Жыл меценаты» медальдары тарту етілді. 5 желтоқсан 2013, 00:00 4 039 рет қаралды
Е-Islam сайты ашылды Басқа жаңалықтар

Е-Islam сайты ашылды

28 қараша күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат ӘЗІЛХАНОВТЫҢ брифингі өтті. Оған аймақтардағы БАҚ өкілдері де бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік алды. 5 желтоқсан 2013, 00:00 4 696 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқы балық аулаудыңерекшеліктері туралы

Қараша аяқталып, Жайық өзенін мұз құрсайтын кез де келді. Әуесқой балық аулаушылар үшін арнайы өкілетті органның рұқсаты қажет болмайтын мұз астынан балық аулау маусымы басталады. 5 желтоқсан 2013, 00:00 3 621 рет қаралды
Бергей Рысқалиевтің ісі 10 күннен кейін сотқа жіберіледі Басқа жаңалықтар

Бергей Рысқалиевтің ісі 10 күннен кейін сотқа жіберіледі

Кеше Атырау облыстық прокуратурасына Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық іс түсті. 4 желтоқсан 2013, 17:30 3 676 рет қаралды
Қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы 10 жылға сотталды Басқа жаңалықтар

Қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы 10 жылға сотталды

Бүгін, 3 желтоқсанда Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Серік СӘДУАҚАСОВҚА үкім шығарылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 3 желтоқсан 2013, 21:24 3 329 рет қаралды
Оң жақ жағалаудағы жаңа үйлерден газ ажыратылады Басқа жаңалықтар

Оң жақ жағалаудағы жаңа үйлерден газ ажыратылады

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы бейсенбі күні Атырау қаласының оң жақ (еуропалық) жағалауындағы бірқатар нысандардан жоспарлы түрде газ ажыратылатыны жөнінде хабарлама таратты. 3 желтоқсан 2013, 16:10 3 303 рет қаралды
Ата-аналық парызын естен шығарды Басқа жаңалықтар

Ата-аналық парызын естен шығарды

Атырау облыстық ҰҚК департаменті Құлсары қаласының тұрғыны Б.МЫРЗАҒАЛИЕВҚА және оның жұбайы Н.СҰЛТАНОВАҒА қатысты ҚР ҚК-нің 233-1 бабы бойынша («Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру») қылмыстық іс қозғады. 3 желтоқсан 2013, 12:02 2 189 рет қаралды
Қамыскөлдегі іздеу жұмыстары жалғасуда Басқа жаңалықтар

Қамыскөлдегі іздеу жұмыстары жалғасуда

29 қараша күні жоғалып кеткендердің бірінің - Оралбек БЕГЕЖАНОВТЫҢ денесі Қамыскөл көлінің жағасынан 250 метр жерден табылды (Қамыскөлде әкесі мен баласы жоғалып кеттті). Ал әкесі - Мереке БЕГЕЖАНОВТЫ іздеу жұмыстары жалғасуда. 3 желтоқсан 2013, 10:15 5 424 рет қаралды
Жарық үшін тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Жарық үшін тариф төмендеді

«АЖ»«Атырау-Жарық» АҚ қызметінің тарифі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-2 тиынға төмендеуі мүмкін екендігін хабарлаған еді («Қайда асып барамыз»). Алайда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің салыстырмалы анализдің күрделі формуласын, яғни бенчмаркингті пайдаланып, тарифті 42 тиынға азайтты. 29 қараша 2013, 11:06 2 852 рет қаралды