Атырауда облыстық дін істері басқармасы жанынан ақпараттық-талдау орталығы ашылды. Ол Алмагүл ықшамауданында орналасқан.
ҚР Дін істері Агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым ШОЙКИННІҢ (суретте) айтуынша, мұндай орталық елімізде бірінші рет ашылып отыр. Алдағы уақытта мұндай орталықтың тағы бірнешеуін еліміздің басқа облыстарында ашу көзделуде.
- Бұл орталық облыстағы жағдайды бақылап отыруға, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізеді, - деді Ғ. Шойкин. – Мұнда талдау және мониторинг, оңалту жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әрекет ету, бағдарламаларды және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бөлімдері жұмыс істейді.
Орталық басшысы болып облыстық дін істері басқармасының бас маманы қызметін атқарған Ербол ЖАУЛИН тағайындалды.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ