Қарашада Жеңіс саябағындағы жұмыс істемей тұрған «Еуразия» ойын-сауық кешенінің аумағында жұмысшылар қараусыз қалған металл құрылымдарын бұзуға кіріскен болатын.
Олар осы аумақтың қазіргі қожайынын айтпағанның өзінде, мердігер фирманы атаудан бас тартты. Біз облыс әкімінің атына сауал жолдаған едік. Ол бізге былай деп жауап берді: «Жеңіс саябағы маңындағы жер телімі 2004 жылдың 25 наурызында «Еуразия» ойын-сауық кешені» ЖШС-не ойын-сауық кешені үшін қала әкімінің шешімімен бөлінді. Бұл кешен 2004-2008 жылдары жұмыс істеді. Меншік иелерінің ақпараты бойынша, ол тиімсіз болғандықтан жабылған. 2011 жылғы 19 тамыздағы Атырау қаласы әкімінің шешімімен осы жер телімінің мақсаттық қолданылуы әкімшілік ғимараттар, мейманханалар мен көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін өзгертілді.
2013 жылы «Еуразия» ойын-сауық кешені» ЖШС жұмыс жасамай тұрған жер телімін «АзияКредитБанк» АҚ-на сатты».
Біз «АзияКредит Банк» АҚ филиалының басшысы Марат ҚАНАТОВПЕН хабарласқан едік. Ол қараусыз қалған аттракциондарды бұзып алу банк тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын растады. Алайда орнына не салынатындығы, оның айтуынша, әлі шешілмеген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ