Атырау, 6 мамыр 17:18
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Хазардан қазаққа дейін»

4 030 просмотра

Облыстық телеарнада «Хазардан қазаққа дейін» атты деректі фильм көрсетіліп жатыр.

Осынау 10 сериялы фильм өлкеміздің бай тарихи-мәдени мұрасын бейнелеу мақсатында биылғы жылдың тамызында басталған тарихи-мәдени экспедицияның қорытындысы болды. Онда Мақат ауданының Таскешу керуен сарайы, Қызылқоға ауданындағы Алпы ана, Түкті ата, Жолайшағыл, Қорғанша тарихи орындарын, Сарайшық қалашығы мен Махамбет ауданындағы Алтын қорымының жанындағы Хантұқымы мазары туралы баяндалады.

Режиссерлары -  журналистер Нұрберген МАҚЫМ мен Елнұр ЕСМҰРАТОВА. Авторлар сапасы бойынша өз жұмыстарының Discovery телеарнасының деректі фильмдерінен кем түспейтіндігін растайды.

Фильм күн сайын сағат 21.00-де «Қазақстан-Атырау» телеарнасы бойынша көрсетіледі.

Анастасия ПАСТУХОВА

13 желтоқсан 2013, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.