Атырау, 6 желтоқсан 17:26
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Консорциум балабақшасы

1 655 рет қаралды

12 желтоқсанда Солтүстік Каспий консорциумы (NCOC пен NCPOC) қалалық билікке Алмагүл ықшамауданында Консорциумның әлеуметтік нышан және инфрақұрылымдары бағдарламасы аясында салынған 320 орындық балабақшаны тапсырды.

Тапсыру рәсімін ашқан NCOC-тың сыртқы байланыстар бойынша директоры Пьер ДЕЛЬПОН былай деді: «Сіздерге тапсырғалы тұрған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жоба өңір халқының ең маңызды бөлігі – балаларға пайда келтіретіндігіне қуанып тұрмын. 3 және 7 жас аралығындағы 300-ден аса бала осы балабақшаға келетін болады. Балабақшада балалардың толық дамуына қажетті нәрселердің барлығын атап өткім келіп отыр».

Әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы аясында Консорциум Атырау мен Маңғыстау облыстарында 4 балабақша салды. Олардың екеуі - 2012 және 2013 жылдары облыс балансына берілген Ақжар мен Мақатта салынған балабақшалар.Осымен қатар, NCOC пен NCPOC облыста 6 қосымша жобаны жүзеге асыратын болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.