Жұмысқа кіріскеніне бір апта да болмаған Жақсығали ІЗДІБАЕВ «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры лауазымынан кетті.
4 желтоқсанда оның орнына Елемес РАХМЕТОВТЫҢ тағайындалғаны туралы Орман және аң шаруашылығы комитетінің бұйрығы шыққан еді, ал 11 желтоқсанда Іздібаев өз қалауымен осы орыннан кететіндігі туралы өтініш жазды. Ресми түрде ешқандай негіз айтылған жоқ.
Естеріңізге салсақ, резерват ұжымы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан ҚАППАРОВҚА бұрынғы директорына салмақты айыптаулар тағылған хат жазып, соның бастамасымен тексеру жіберіліп, нәтижесінде бұрынғы директоры өз орнынан кеткен еді («Даулы отставка»).
Резерват басшысын тағайындау – комитеттің құзырында. Қорыққа жаңа басшы тағайындалғанша, директордың қорғау жөніндегі орынбасары Арман ҚҰРМАНБАЕВ уақытша басшылық етеді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА