Атырау, 26 қараша 14:34
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қылмыстық жаза: жеңілдетіле ме, ауырлай ма?

7 642 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ҚР Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстерінің жаңа редакциясы жобаларына арналған дөңгелек үстел өтті.

Жергілікті адвокаттар мен судьялар тарапынан сын-пікірлер аз айтылған жоқ. Соның ішінде облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Асылбек ОРЫНБАСАРОВ тергеу алды тексеру шараларын алып тастағанымен келіспейтінін айтты (жаңа заң жобасы бойынша арыз тіркелген күннен бастап қылмыстық іс қозғалмақ). Ол айыпталып отырған азаматтың қылмыс жасаған-жасамағаны әлі белгісіз екеніне тоқталды.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасының кеңесшісі, облыс филиалдарымен жұмыс жүргізу жөніндегі атқарушы директоры Дариға ҚҰРМАНОВА жаңа кодекс жобалары бойынша айтылған ұсыныстарды жазбаша түрде тапсыруды ескертті. Оның айтуынша, кем-кетігі екшелген жаңа қылмыстық заң жобалары әлі парламентте де үлкен талқыға салынбақ және келер жылдың соңына қарай бекітілуі мүмкін. 

Айнұр САПАРОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.