Облыстық мәслихаттың 19-шы сессиясында 2014 жылғы облыс бюджеті бекітілді. Онда облыс әкімінің қаржы жөніндегі орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА баяндама жасады.
Бюджеттің кіріс бөлігі 132 млрд 308 млн теңге көлемінде бекітілді. Республикалық бюджетке алып қою көлемі артатын болады: 2014 жылы 51,2 млрд теңге, 2015 жылы 60,6 млрд, 2016 жылы – 73,2 млрд теңге. 2014 жылға ҚР әлеуметтік-экономикалық даму жорамалы бойынша еңбекақының төменгі деңгейі 19 966 теңге, айлық есептік көрсеткіш – 1 852 теңге, зейнетақының базалық деңгейі – 9 983 теңге, күнкөріс минимумы – 19 966 теңгені құрайды.
Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 55,3 млрд теңге деңгейінде жоспарланды (бұл 2013 жылға қарағанда 4,9 млрдтеңгеге көп). Республикалық бюджеттен мақсаттық трансферттер 22,5 млрд теңге көлемінде жоспарланды. Бұл қаржылар: 3 млрд теңге –11 білім беру нысандарының құрылысын аяқтауға, 3 млрд теңге – Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз бағытындағы облыс жолдарын қайта жарақтауға (80-ші және 203-ші километр аралығында), 3 млрд теңге – «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 20 сумен қамту нысанының құрылысына, 1,6 млрд теңге – Индер – Махамбет магистральды газ құбырының апатты учаскесін жөндеу жұмыстарын жалғастыруға, 6 млрд теңге – «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша үйлер мен инфрақұрылымдар құрылысына, 1 млрд теңге – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға, 2,5 млрд теңге – «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға, 232 млн теңге – «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамытуға, 336 млн теңге – «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша селолық амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік қосындар салуға, 1 млрд теңге – «Туризм мен спорт нысандарын дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға, 8,4 млрд теңге – «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға, 5,4 млрд теңге – «Аудандардың мемлекеттік коммуналдық қорынан тұрғын үйлерді жобалау, құрылысын жүргізу немесе сатып алу» бағдарламасына, 2,5 млрд теңге – білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, сумен қамту салаларын және т.б. қаржыландыруға жұмсалатын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ