Атырау, 13 қазан 01:46
 дождьВ Атырау +18.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырауда

Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма? Атырауда

Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма?

Атыраудағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінде әскери борышын өтеп жатқан 19 жастағы маңғыстаулық сарбаз Медет АМАНГЕЛДІ медициналық көмекке зәру. Медет 11 шілде күні соққыға жығылған. Содан бері қарай денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Бұл туралы Медеттің туыстары15 шілде күні естіген. Олардың айтуынша, әскери бөлімде оларға «Медеттің есі ауысып, ішіне жын кірген» деп хабарлаған. Осы жағдайға байланысты Медеттің туыстары бүгін, 18 шілде күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келіп, әскери бөлімнің алдына жиналды. Сурет Бейнежазба 18 шілде 2022, 21:42 2 623 рет қаралды
Алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде Атырауда

Алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде

Атырауда 42 жастағы Ақтөбе тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу басталды. Жарнамалық сайттар арқылы ол мұнайлы астананың элиталық кешендеріндегі пәтерлерді «қолжетімді бағамен» жалға беремін деп сендірген. 18 шілде 2022, 18:10 1 534 рет қаралды
​Әлеуметтік қызметкерлер шипажайда тегін ​демала алады Денсаулық

​Әлеуметтік қызметкерлер шипажайда тегін ​демала алады

Атырауда биыл шілде айынан бастап І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және мүгедектігі бар балалар мен жеке көмекшілеріне және ілесіп баратын адамдарға 14 күнге санаторий-курорттық жолдама қарастырылған. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті. 18 шілде 2022, 18:00 1 645 рет қаралды
«Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады Атырауда

«Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қалған 87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары  биыл қарқынды жүруде. Бұл туралы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол МҰҚАШОВ айтты.  Сурет 18 шілде 2022, 17:32 1 346 рет қаралды
Бұл «сатып алу-сату» емес: Атырауда үздік тауар өндірушілер таңдалды Атырауда

Бұл «сатып алу-сату» емес: Атырауда үздік тауар өндірушілер таңдалды

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің өңірлік турына 50-ден астам бизнес субъектілері қатысты. 18 шілде 2022, 16:32 1 648 рет қаралды
Азаттық, 49 "а" мекенжайындағы түнгі өрт Оқиға

Азаттық, 49 "а" мекенжайындағы түнгі өрт

17 шілде түнгі сағат үш шамасында Азаттық даңғылы, №49 «а» мекен жайындағы пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткенде пәтердің бөлмесінде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртеніп жатқанын анықтады. Сурет 18 шілде 2022, 15:06 1 804 рет қаралды
Ереже бұзып, ажалға себеп болды Оқиға

Ереже бұзып, ажалға себеп болды

15 шілдеде сағат 14:30 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз ы/а көше қиылыстарының бірінде Reno Duster автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шыққан кезде басты жолда келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Салдарынан Ваз-21099 автокөлігінің 46 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. 16 шілде 2022, 14:23 2 194 рет қаралды
Қой да жоқ, өтемақы да жоқ Атырауда

Қой да жоқ, өтемақы да жоқ

Құрманғазы ауданында өртенген мал сақтандырылмаған, демек, иелері мүлкі үшін өтемақы ала алмайды, - деді онлайн брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат АЙТҚАЛИЕВ. 16 шілде 2022, 14:11 1 874 рет қаралды
Онкология диспансеріндегі ауыр сағаттар Денсаулық

Онкология диспансеріндегі ауыр сағаттар

Соңғы кездері Атырау облыстық онкология диспансерінің жұмысы көпшіліктің сынына ұшырады. Келушілер ұзын-сонар кезекке, түсініксіз талон жүйесіне және күтіп отыру үшін дұрыс жағдай жасалмағанына шағымданады. 16 шілде 2022, 13:42 2 418 рет қаралды
Чапай кетті, Ильич қалды Атырауда

Чапай кетті, Ильич қалды

Кеңес өкіметі тұсында алыс түкпірдегі Гурьевте (Атырау) ХХ ғасырдағы саяси және басқа да қайраткерлердің құрметіне қойылған ескерткіштер көп болмады. Одақ ыдыраған соң бірте-бірте бұзып, алып тастай бастады. Кейбір қала тұрғындары шағын көлемдегі бірнеше бюстіні үйлеріне, жеке ауласына алып кетті. Тек бірнеше мүсіндік құрылымдар ғана Жилгородок ықшамауданынан пана тапты. Он жылдан астам уақыт бұрын олар қаланың әр жерінен әкелінген еді. Сурет 15 шілде 2022, 14:49 2 034 рет қаралды
«Жібек жолы» мен «Ақмаржан» ТҚК үшін жаңа инвесторлар іздестіреді Атырауда

«Жібек жолы» мен «Ақмаржан» ТҚК үшін жаңа инвесторлар іздестіреді

14 шілдеде Атырауда проблемалы «Жібек жолы» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (ТҚК) үлескерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ төрағалық етті. Сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, Мемлекеттік сәулет-құрылыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының басшылары мен қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі М.Қадыров қатысты. 15 шілде 2022, 13:03 1 522 рет қаралды
Атырау облысы білім гранттары бойынша көш бастап тұр Атырауда

Атырау облысы білім гранттары бойынша көш бастап тұр

Биыл Атырау облысындағы колледждер 4116 грант алды – жергілікті бюджеттен 3050, республикалық бюджеттен 1066. Орта техникалық оқу орындарына құжаттар 25 маусым мен 20 тамыз аралығында қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлады. 14 шілде 2022, 16:52 1 565 рет қаралды
Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды Атырауда

Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды

27 маусымда Доссор ауылында басталған «Build Service Com» ЖШС-не көліктерін жалға берушілері мен жүргізушілердің наразылық акциясы 9 шілдеде – «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшылығымен кездесуден кейін аяқталды. 14 шілде 2022, 00:39 1 545 рет қаралды