Атырау, 5 қазан 18:20
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қой да жоқ, өтемақы да жоқ

1 470 просмотра

Құрманғазы ауданында өртенген мал сақтандырылмаған, демек, иелері мүлкі үшін өтемақы ала алмайды, - деді онлайн брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат АЙТҚАЛИЕВ.

«Сүйіндік қой зауыты» ЖШС-не айтарлықтай зиян келген – бір отар асыл тұқымды Еділбай қойы.

- 516 бас қой өртеніп кетті, 504 бас өңдеуге жіберілді, 13 бас қой жоғалды. Сонымен қатар, 2 бота өртеніп, 1 түйені союға тура келді. Жалпы шығын есептеліп жатыр, – деді А.Айтқалиев.

Өртену фактісінің өзін Төтенше жағдайлар департаменті мониторинг жүргізу барысында кездейсоқ анықтады, кәсіпорын басшылығы әлдебір себептермен бұл туралы ешқайда хабарламаған.

- Бізге белгілі болғандай, елді мекен тұрғындары өртті өздері, автоцистерна мен тракторлардың көмегімен сөндірген. Жалпы өрт маусымы басталғалы, дәлірек айтсақ, 4 сәуірден бері орманды далада 5 өрт оқиғасы орын алды, жалпы өртке оранған аумақ 1860 гектарды құрайды, – дейді ТЖ департаментінің бас маманы Дәурен БЕРДЕНОВ.

Соңғы мәлімет бойынша, өрт ошағы Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданынан шығып, біздің Құрманғазы ауданының аумағына тараған. Өртке қатысты басқа егжей-тегжей ақпарат және жұртшылық неліктен бұл туралы жарты айға жуық уақыттан кейін білгенін спикерлер айта алмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 шілде 2022, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.