Атырау, 20 желтоқсан 10:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Балабақша қымбаттады

1 468 рет қаралды

Тамыз айында Атыраудағы мемлекеттік балабақшаларда төлемақы көтеріледі. Бұл білім беру ұйымдарында балаларға берілетін ыстық тағам төлемінің көтерілуіне байланысты.

– Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда бір рет берілетін ыстық тағам төлемақысын көтеру туралы қаулы қабылданды. 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге, 3 пен 7 жас аралығындағы балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі, — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Осылайша, бұрын балабақша ақысы шамамен 10 мың теңге болса, енді 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер үшін шамамен 14 мың, ал 3 пен 7 жас аралығындағы балалар үшін шамамен 17 мың теңге төлеуге тура келеді. Нақты сома бір айдағы жұмыс күндерінің санына байланысты. Білім беру басқармасы басқа облыстарда балабақшалардағы төлемақы біздің өңірге қарағанда айтарлықтай жоғары екенін атап өтті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

14 шілде 2022, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.