Атырау, 5 қазан 18:15
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

2026 жылға дейін Атырауда 236 үй сүріледі (+ тізім)

1 537 просмотра

Қала әкімдігі тозығы жеткен тұрғын үйлерді ауқымды түрде бұзудың жаңа бағдарламасын ұсынды, оны 2022-2026 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Шілдеден бастап қала тұрғындарының арасында өткен ғасырдың 40-60-жылдары салынған ескі үйлердің бұзылатыны туралы хабарлама WhatsApp-та таралып жүр. Күні кеше қала әкімдігі «Атырау қаласының тұрғын үйлерін реновациялаудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасын» ресми түрде таныстырып, бұл ақпаратты растады.

Шара Жантөрин атындағы филармония ғимаратында БАҚ өкілдерінің, қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ бастаған бір топ шенеуніктердің және біраз пәтер иелерінің қатысуымен өтті. Ал, бұзылатын үйлердің алдын ала тізіміне негізінен Баймұханов, Датов, Әуезов көшелері мен Азаттық даңғылының бойында орналасқан тозығы жеткен 236 үй (үш мыңнан астам пәтер) енгізілген. Оның ішінде жүз үй екі қабатты, 70 пайызы санитариялық және құрылыс нормаларына сай емес.

Бағдарламаның мәні қарапайым. Бір сөзбен айтқанда, әлеуетті құрылыс салушыны тұрғындарды бірдей көлемдегі пәтерлерге (тұрғындар санына қарамастан, бөлме-бөлме бойынша) уақытша немесе тұрақты негізде көшіре отырып, тізімдегі белгілі бір үйді бұзуға шақырады. Бұзылған ғимараттың орнына жаңа тұрғын үй салынуда, құрылыс аяқталғаннан кейін уақытша қоныс аударушылар қайта оралады. Сонымен қатар, қосымша ақысын төлеп, көп бөлмелі пәтер алуға болады.

Залға жиналғандар өте орынды сұрақ қойды: ескі коммуналдық желілер жаңа көпқабатты үйлер түріндегі қосымша жүктемеге төтеп бере ме, келіспейтін тұрғындарға не болады, құрылыс салушы гараждарды қайда жібереді, қандай кепілдіктер бар және т.б.

Қалалық қаржы бөлімнің басшысы Мейіржан МҰҚАСОВ тұрғындардың пікірі мен тілегі ескеріліп, әр үй мен оған іргелес аумақтағы жағдай бөлек қаралатынын атап айтты. Мәжбүрлеп бұзу деген болмайды, реновациялау барлық меншік иелерінің 100% келісімімен ғана мүмкін болады, ал 236 үй тізімі ұсыныс ретінде берілді, бағдарламаны жүзеге асыру барысында ол бірнеше рет өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ билік инженерлік-коммуникациялық желілерді жаңартуға, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, жақын маңдағы ғимараттарға байланысты қабаттарды қадағалауға, сондай-ақ тарихи орындарды сақтауға уәде беріп отыр. Жалпы, сөз жүзінде де, қағаз жүзінде де бәрі керемет көрінеді.

Айтпақшы, тарихи нысандар туралы. Тізімнен көрініп тұрғандай, төрт тұрғын үйді (Әуезов, 1 және 2; Волгоградская, 8 және 10), сондай-ақ Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының ғимараты мен су айдау мұнарасын (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығымен бекітілген)  қоспағанда, соңғы 20 жылда сол әкімдіктің тікелей атсалысуымен республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші мәртебесінен айырылып қалған Жилгородок ықшамауданындағы ескі үйлердің барлығы дерлік күреледі.

Дегенмен бұл тұрғын үйлер ескерткіш мәртебесіне қарамастан, бәрібір бұзылуы мүмкін. «АЖ» сауалына жауап берген М.Мұқасов «Ескерткіштердің мемлекеттік тізімінде бекітілген нысандарды бұзуға болмайды, бірақ олар біздің тізімге енген жағдайда, біз оларды нүктелік тұрғыда қараймыз» деді. Бірақ бұл жерде «енген жағдайда» деген сөз жарамайды – бұл төрт үй қалалық әкімдіктің тізімінде тұр.

Тамыз айында реновация бағдарламасы әділет органдарында тіркеліп, содан кейін оның тетіктері іске қосылады деп күтілуде. Бағдарламаның орындалуын бақылау «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, тұрғын үй инспекциясы және қала әкімдігінің бірқатар басқармаларына жүктелді.

Лев ГУЗИКОВ

16 шілде 2022, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.