Атырау, 4 қазан 20:24
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

ҚМГ басшысы ТШО басшылығымен Теңіз кен орнын одан әрі игеру жоспарын талқылады

122 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына Теңіз кен орнына жұмыс сапарымен барды. ҚМГ басшысы Болашақ кеңейту жобасының алаңын аралап, өндірісті басқару орталығында (IOCC) болды. Бүгінгі таңда Теңізшевройл Болашақ кеңейту жобасын аяқтауға жақын, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

А.Хасенов Теңіздің вахталық кентінде компания басшылығымен жиналыс өткізді. Кен орнын игерудегі өзекті мәселелер, компания қызметкерлері арасында отандық мамандардың үлесін арттыру және тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық қамтуды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу барысында ТШО-ның техникалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалануға қажетті материалдарды жеткізуге арналған стратегиялық тендерінің нәтижелері бойынша жергілікті компаниялармен жалпы бюджеті шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайтын бес ұзақмерзімді келісімшарт жасалғаны атап өтілді.

ҚМГ басшысы ТШО-ның осы кезеңдегі басым міндеттеріне тоқталды. Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияныңкен орындарын игеру жүйесі бойынша бергенұсынымдарын орындау мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, басымдықтардың бірі ретінде Газды сепарациялау қондырғысын салу жобасын кестеге сай орындау үшін «Теңізшевройл» отын газы жүйесін модификациялау бойынша жұмыстарды уақтылы жүзеге асыру мәселесі көтерілді.

ТШО техникалық қызмет көрсету бойыншажүргізіп жатқан тендерде жоспарланған жұмыстарға қазақстандық компанияларды тарту қажеттілігіне назар аударылды.

Сонымен қатар, компанияның басшылық лауазымдары үшін қазақстандық кадрларды дамыту мәселелері қозғалды.

Бүгін, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.