Атырау, 19 желтоқсан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Нөсер және найзағай: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

935 рет қаралды
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, батыста скандинавиялық антициклон әсерінен 5-6 қазанда елдің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құрғақ және шуақты болады, күндіз батыста 23-30 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылиды, ал түнгі уақытта ауа температурасы минус мәндерге дейін төмендейді.

7 қазанға таяу солтүстікке және шығысқа суық атмосфералық фронт тарай бастайды, әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

"Ал республиканың оңтүстігі мен орталығында атмосфералық фронттар әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі", - делінген хабарламада.


4 қазан 2024, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.