Атырау, 5 қазан 18:22
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Сурет
1 086 просмотра

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қалған 87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары  биыл қарқынды жүруде. Бұл туралы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол МҰҚАШОВ айтты.  

Жалпы бұл жобаға 12 жыл жуықтады. Жол құрылысының тұралауына қаражаттың жыл сайын мардымсыз бөлінуі себеп болды. Бірақ соңғы жылдары бюджеттен бөлінетін қаржы көбейген.

- Бұған дейін жоба бойынша жалпы ұзындығы 317 шақырым жолдың 237 шақырымы пайдалануға берілді. Қазір тас жолдың 31,74 – 62,2 шақырымы аралығы - «Индер-Қарабау» жол телімі салынуда. Биыл 87 шақырым жолдың жартысына асфальт-бетон төселеді. Қалған бөлігі келер жылы аяқталады деп күтілуде, - деп хабарлады «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» филиалының баспасөз қызметі. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы жолдады 

18 шілде 2022, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.