Атырау, 5 қазан 18:16
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Төрт бала әткеншектен құлады

1 066 просмотра

Атырауда университет маңындағы жағалауда оқыс оқиға болды: әткеншек орындықтарының бекіткіші үзіліп, төрт бала зардап шекті. Жедел жәрдем оларды облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың толық медициналық тексеруден өткенін, ауыр жарақат алғандар болмағанын хабарлады. Барлығы үйлеріне жіберілген.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

18 шілде 2022, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.