Атырау, 5 қазан 18:24
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде

1 090 просмотра

Атырауда 42 жастағы Ақтөбе тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу басталды. Жарнамалық сайттар арқылы ол мұнайлы астананың элиталық кешендеріндегі пәтерлерді «қолжетімді бағамен» жалға беремін деп сендірген.

Алаяқ әйел жалға берілетін пәтердің 50 пайызын алдын ала төлеуді өтініп, ұлының жеке есепшотына аудартып отырған. Оның бұл қулығына 20 адам алданған. Сондай-ақ, 9 атыраулық пен одан бөлек Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қостанай қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 11 тұрғынын да сан соқтырған.

Іс сотқа дейін жетіп, қылмыскер жазасын алар, бірақ оған сенген жәбірленушілерге ақша қайтарыла ма, жоқ па, екіталай.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 шілде 2022, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.