Атырау, 5 қазан 18:17
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Жібек жолы» мен «Ақмаржан» ТҚК үшін жаңа инвесторлар іздестіреді

1 183 просмотра

14 шілдеде Атырауда проблемалы «Жібек жолы» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (ТҚК) үлескерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ төрағалық етті. Сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, Мемлекеттік сәулет-құрылыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының басшылары мен қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі М.Қадыров қатысты.

Полиция өкілі «Жібек жолы» ТҚК төрағасы Е.Сардарбековке және саттық бөлімінің басшысы А.Юсуповаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») бойынша былтыр желтоқсан айында басталған тергеу барысы туралы айтты. 76 үлескер жәбірленуші деп танылды. Белгілі болғандай, тұрғын үй кешенінің құрылысы 2020 жылы қажетті рұқсат құжаттарынсыз басталған. Бүгінде құрылыс жұмыстары 20 пайызға орындалды, екі блок тұрғын үйден бір блоктың қаңқасы ғана салынды, құрылыс жұмыстары күзден бері жүргізілмеген.

– Ахуал Атырау облысы әкімінің бақылауында. Оның төрағалығымен осы мәселе бойынша да, жалпы Атырау аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша да бірнеше рет жиын өтті, – дейді МСҚБ бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДИНОВ.

«Жібек жолы» ТҚК құрылтайшылары «Ақмаржан» ТҚК-нің де құрылтайшылары болып табылады, оларда да проблема бар - қалай болғанда да, бізге облыс әкімдігінде айтылғандай, олар екі нысан бойынша үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Алайда «Ақмаржанның» жағдайы жақсырақ: ондағы құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталды, аумақты абаттандыру, тұрғын үй кешенін жүргізілген сыртқы инженерлік желіге қосу және подъездердегі әрлеу жұмыстарын жүргізу қалды. Бірақ қалай болғанда да жергілікті билік «Жібек жолы» үшін де, «Ақмаржан» үшін де жаңа инвестор іздейді.

Сонымен бірге, Е.Қабдиновтың айтуынша, іздеу жұмыстары сот шешімі шыққаннан кейін ғана басталады. Өйткені тергеу барысында шығын көрсеткіштері үнемі өзгеріп отырады және оларды белгілеп отыру мүмкін емес. Мұндай шарттарды әлеуетті инвесторлардың өздері айтты. Бұдан басқа, кейбір үлескерлер құқық қорғау органдарына әлі арыз жазбаған, сондықтан келтірілген шығынды түпкілікті анықтауда да қиындықтар туындап отыр. Ал инвесторларға нақты және түбегейлі деректер қажет.

Сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВТЫҢ жұмыс сапары барысында «Жібек жолы» және «Ақмаржан» ТҚК үлескерлері жеке қабылдауында болды. Министрдің айтуынша, өкінішке орай, мұндай жағдай басқа қалаларда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда да орын алып отыр. Соған байланысты қадамдық әрекет ету алгоритмі, оның ішінде комиссия құру шарасы да бар. Алдымен мұндай ТҚК-нан үй сатып алушылар жәбірленушілер деп танылады, олардың әрқайсысына келтірілген зиянның үлесі есептеледі және т.б.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 шілде 2022, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.