Атырау, 29 қараша 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Уәде етілген үй кейінге қалды

1 670 просмотра

Құлсары қаласында жуырда ғана тағайындалған жаңа әкім Жұмабек ҚАРАЖАНОВ тұрғындармен кездесу кезінде 5 қабатты 100 пәтерлік үш үйдің берілу мерзімі қыркүйекке қалғанын хабарлады.

- Тұрғындар "пәтер неге берілмей жатыр" деп сұрап жатыр. "Атырау" ықшам ауданында салынып пайдалануға берілуге тиіс тұрғын үйдің кешігу себебі мынада. Құрылысы 99 пайыз бітіп тұр. Бірақ қазіргі күйінде пайдалануға берілмейді, себебі су тек үшінші қабатқа ғана көтеріледі. Сондықтан қосымша 200 текше метр су резервуарын орнату қажет. Ол үшін жоба жасақтап, сараптамадан өткізуіміз керек. Бұл  үйлерді қыркүйек айына пайдалануға береміз бе деген ойымыз бар,- деді Ж. Қаражанов.

Бірақ кездесуге қатысқандардың әкімнің жауабына көңілі толмады. Жалпы 7 млрд 193 млн теңгеге бағаланған 100 пәтерлік үш үйдің құрылысын мердігер "Каспийская Кадровая Ассоциация" ЖШС 2019 жылы бастаған болатын. Құрылыс созылып кетті. 2021 жылдың желтоқсанында сол кездегі әкім Халел ЖАМАЛОВ 2022 жылдың екінші тоқсанында баспана беріледі деп халықты үміттендіріп қойды. Бірақ уәде орындалмады. Енді жаңа әкім қыркүйекте болады деп уәде етіп отыр...

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

14 шілде 2022, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.