Атырау, 24 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Дала өртінде мыңнан астам асыл тұқымды қой өртеніп кетті

Сурет Бейнежазба
1 820 рет қаралды

Жақында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жалғызапан ауылы маңында Еділбай тұқымды мыңнан астам қой өртеніп кетті.

Құрманғазы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалғызапан ауылынан 3 шақырымдай жерде дала өртеніп жатқаны туралы хабарлама 1 шілде күні кешкі сегізде түскен. Өртті сөндіруге жергілікті тұрғындар, сондай-ақ «ТАТ Арқа» геологиялық ЖШС-нің еріктілері 10 техникамен аттанды. Өрт 2 шілде күні түнгі сағат екі шамасында сөндірілді. Өртенген жерлердің көлемі 47 гектарды құрайды.

Өкінішке қарай, төтенше жағдай салдарынан «Сүйіндік қой зауыты» ЖШС-нің 1003 бас қойы өртеніп кетті. Өрттен аман қалған 199 бас қой сойылып, қалған 304-і Атырауға жеткізілді. ЖШС келтірілген залал туралы құзырлы органдарға хабарламаған. Зардап шеккен тұрғындар жоқ, деп хабарлады аудан әкімшілігі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желідегі суреттер мен бейнежазба

15 шілде 2022, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.