Атырау, 5 қазан 18:20
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Чапай кетті, Ильич қалды

Сурет
1 656 просмотра

Кеңес өкіметі тұсында алыс түкпірдегі Гурьевте (Атырау) ХХ ғасырдағы саяси және басқа да қайраткерлердің құрметіне қойылған ескерткіштер көп болмады. Одақ ыдыраған соң бірте-бірте бұзып, алып тастай бастады. Кейбір қала тұрғындары шағын көлемдегі бірнеше бюстіні үйлеріне, жеке ауласына алып кетті. Тек бірнеше мүсіндік құрылымдар ғана Жилгородок ықшамауданынан пана тапты. Он жылдан астам уақыт бұрын олар қаланың әр жерінен әкелінген еді.

Облыс орталығында көрнекі жерлер көп болмағандықтан, «ескерткіштер аллеясы» тез арада қала қонақтарының, әсіресе алыс шетелдерден келген қонақтардың фотосессия жасайтын сүйікті орнына айналды. Бірақ осыдан бірер ай бұрын белгісіз біреулер ескерткіштерді тұғырларымен бірге бұзып тастады. Атап айтқанда, Чапаевтың бюсті, Кировтың адам бойындай ескерткіші ғайып болды. Тек алып Ильич ескерткіші қалып, аллея қаңырап қалды. Әрине, тарихи кейіпкерлердің рөліне түрлі көзқарас болуы мүмкін, бірақ бұл жерде, Жилгородтың шетінде олар ешкімге кедергі келтірмеген сияқты еді.

«АЖ»-ның сауалына қала әкімдігі былай деп жауап берді: «Жоғарыда аталған ескерткіштер Атырау қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігінде емес. Осылайша, ескерткіштерді бөлшектеген ұйымдарды анықтау мүмкін болмай отыр. Сондай-ақ, жұмыс тұрғысында Атыраудағы ескерткіштерді бұзу шаралары қарастырылмағанын хабарлаймыз. Ал идеологиялық тұрғыдан ескірген барлық ескерткіштер мәдени-тарихи нысандар тізімінен шығарылғанын қаперіңізге береміз».

Лев ГУЗИКОВ

Автор түсірген және әлеуметтік желіден алынған суреттер

15 шілде 2022, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.